Қатты радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) беткі радиоактивті ластану деңгейі бойынша санаттау
РАҚ санаты
|
Беткі радиоактивті ластану деңгейі, бөлш./(см2 ×мин)
|
бета-сәулелендіретін радионуклидтер
|
альфа-сәулелендіретін радионуклидтер
|
Белсенділігі төмен
|
500-ден 104-ге дейін
|
50-ден 103-ға дейін
|
Белсенділігі орташа
|
104-нан 107-ге дейін
|
103-нан 106-ға дейін
|
Белсенділігі жоғары
|
107 –нан астам
|
106 – нан астам
|
Қатты және сұйық РАҚ-ты радионуклидтердің меншікті белсенділігі бойынша классификациясы (санаты)
РАҚ санаты
|
Меншікті белсенділігі, Бк/г
|
тритий
|
бета-сәулелендіретін радионуклидтер (тритийді қоспағанда)
|
альфа- сәулелендіретін радионуклидтер (трансурандыларды қоспағанда)
|
трансуранды радионуклидтер
|
Қатты РАҚ
|
Белсенділігі төмен
|
107 бастап 108 дейін
|
от 103 до 104 дейін
|
от 102 до 103 дейін
|
101 бастап
102 дейін
|
Белсенділігі орташа
|
108 бастап 1011 дейін
|
от 104 до 107 дейін
|
от 103 до 106 дейін
|
102 бастап 105 дейін
|
Белсенділігі жоғары
|
1011 астам
|
107 астам
|
106 астам
|
105 астам
|
Сұйық РАҚ
|
Белсенділігі төмен
|
104 дейін
|
103 дейін
|
102 дейін
|
101 дейін
|
Белсенділігі орташа
|
104 бастап 108 дейін
|
103 бастап
107 дейін
|
102 бастап
106 дейін
|
101 бастап
105 дейін
|
Белсенділігі жоғары
|
108 астам
|
107 астам
|
106 астам
|
105 астам
|
РАҚ байланысты кез келген іс-шаралар ережелер, стандарттар мен заңнамалар негізінде жүзеге асады. Мысалы Қазақстан Республикасының заңнамалары: «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығы; «Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы №39 бұйрығы; «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 260 бұйрығы. Сонымен қатар РАҚ байланысты іс-шаралар Радиологиялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (Международной комиссии по радиологической защите МКРЗ), Халықаралық атомэнергиясы агенствосы (Международного агентства по атомной энергии МАГАТЭ) қағидаларына сәйкес жүзеге асады.
Қорытынды
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып радиоактивті заттар өсімдіктерден жануарлардың ағзасына түсіп, мал организміне зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі). Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда, оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма - сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады. Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
• Атом өнеркәсібі;
• Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика;
• Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алып келді. Келесі бір қауіпті радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін ісіктер болуы мүмкін. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет
Пайдаланылған әдебиеттер
1. С. Тұяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгар- Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық Алматы: "Мектеп" баспасы
2. А.Ж.Сахариянов - Ветеринариялық радиобиология , Алматы 2013
3. Сахариянов А.Ж., Жұмагелдиев А.Ә. Радиоактивтіліктің, иондаушы сәулелердің дозасының және доза қуатының өлшем бірліктері. ОӘҚ. 2009
Достарыңызбен бөлісу: |