Орындаған: Тексерген



бет2/5
Дата25.11.2023
өлшемі1,7 Mb.
#126886
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-105491

Альфа радиациясы
Альфа радиациясы 4 атомдық массасы және +2 (гелий ядросы) заряды бар альфа-бөлшектер деп аталатын оң зарядталған бөлшектердің ағынынан тұрады. Егер альфа бөлшектері ядродан шығарылса, ядроның массалық саны төрт бірлікке азаяды, ал атом саны екі бірлікке азаяды. Мысалға:
238 92 U → 4 2 He + 234 90 Th
Гелий ядросы - альфа-бөлшектер.

α-бөлшегінің табиғатын 1908 жылы Резерфорд көптеген эксперименттік зерттеулер нәтижесінде анықтады. Альфа-ыдырауы кезінде ядродан өздігінен α-бөлшек — гелий атомының ядросы Не (екі протон және екі нейтрон) ұшып шығады және жаңа химиялық элементтің туынды ядросы пайда болады.


Альфа-ыдырау кезінде атом ядросы зарядтың саны Z екіге және массалық саны A төртке кем туынды ядроға түрленеді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жуйенің бас жағына қарай екі орынға ығысады:

мұндағы : X - аналық ядроның белгісі, Y - туынды ядроның таңбасы. Гелий атомының ядросы болып табылатын α-бөлшек үшін  белгісін пайдаландық.
Аналық ядро ыдырағанда, α-бөлшек пен туынды ядро белгілі бір кинетикалық энергиямен жан-жаққа шашырай ұшады. Кейбір ыдырауда туынды ядро қозған күйде болуы мүмкін. Ыдырау энергиясын аналық ядромен байланысқан санақ жүйесінде энергияның сақталу заңын пайдаланып есептеуге болады. Ыдырау энергиясы  қозу энергиясы мен кинетикалық энергиялардың қосындысына тең. Бастапқы энергия аналық ядроның тыныштық энергиясына тең екенін ескерсек, онда

M a - аналық, M T - туынды ядролардың, M He - гелий атомы ядросының массалары, бұдан ыдырау энергиясын табамыз.




Бета радиациясы
Бета радиациясы - бұл бета-бөлшектер деп аталатын электрондардың ағыны. Бета-бөлік шығарылғанда, ядродағы нейтрон протонға айналады, сондықтан ядроның массалық саны өзгермейді, бірақ атом саны бір бірлікке артады . Мысалға:
234 90 → 0 -1 e + 234 91 Па
Электрон - бұл бета-бөлік.



β-сәулесінің табиғатын 1899 ж Резерфорд ашқан болатын. Ол шапшаң қозғалатын электрондар ағыны. β-бөлшекті  деп белгілейді. Массалық санның 


A=0 болуы, электронның массасы массаның атомдық бірлігімен салыстырғанда елеусіз аз екенін көрсетеді. Ығысу ережесін бета-ыдырауға қолданайық.
Бета-ыдырау кезінде атом ядросының зарядтық саны Z бір заряд бірлігіне артады, ал массалық сан өзгермейді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жүйенің соңына қарай бір орынға ығысады:

мұндағы v- электрлік заряды нөлге тең, тыныштық массасы жоқ электрондық антинейтрино деп аталатын бөлшек.
Бұндай ыдырауды электрондық β-ыдырау деп атайды. Радиоактивті электронды β-ыдырау процесі ядрода нейтронның  протонға  айналуы және осы кезде электронның  және антинейтриноның қабаттаса түзілуі арқылы өтеді:

Ядроның ішінде электронның пайда болуы осы нейтронның ыдырауының нәтижесі екен. Бета-ыдырау кезінде туынды ядро мен электрон жүйесінің энергиясы ыдырауға дейінгі аналық ядро жүйесінің энергиясынан кем болып шығатынын өлшеулер көрсетті. β-ыдырау кезінде энергияның сақталу заңының орындалатына күмән туды. 1930 жылы В. Паулиp β-ыдырау кезінде, ядродан электроннан басқа тағы бір массалық саны (A=0) мен зарядының саны (Z=0) нөлге тең бөлшек бөлініп шығады деген жорамалды ұсынды. β–ыдыраудағы энергияның сақталу заңының бұзылуына себепші, жетіспей тұрған энергия осы нейтраль бөлшекке тиесілі екен.

Үлы итальян ғалымы Э.Фермидің ұсынысы бойынша бұл бөлшекті нейтрино v (итальянша neitrino — кішкентай нейтрон) деп атаған. Нейтриноның электр заряды мен тыныштық массасы нөлге тең болғандықтан, оның затпен әрекеттесуі әлсіз, сондықтан эксперимент арқылы тіркеу аса қиыншылық туғызды. Ұзакка созылған ізденістер нәтижесінде тек 1956 жылы ғана нейтриноны тіркеу мүмкін болды. Ал антинейтрино осы нейтриноның антибөлшегі болып табылады. Электрондық β--ыдыраудан басқа позитрондық β+-ыдырау процесі де өтуі мүмкін. Позитрондық радиоактивтік кезінде ядродағы протонның біреуі нейтронға айналып, позитрон  мен электрондық нейтрино v бөлініп шығады:

Ядроның зарядтық саны Z бірлік зарядқа кемиді, нәтижесінде элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жүйенің бас жағына қарай бір орынға ығысады:

мұндағы  позитрон, электронның антибөлшегі, массасы электронның массасына тең.

Аналық және туынды ядролар — изобаралар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет