Орындаған: Тлеубай А. Тексерген: Жубаназарова Н. Алматы 2023ж


Әлеуметтік-психологиялық эксперимент – «Қыздың көмегіне адамдардың өздерін ұстауын бақылау»



бет3/3
Дата18.10.2023
өлшемі69,59 Kb.
#118841
1   2   3
Байланысты:
Тлеубай А. Тұлға психологиясы

Әлеуметтік-психологиялық эксперимент – «Қыздың көмегіне адамдардың өздерін ұстауын бақылау»
Бұл эксперимент 2022 жылы қазан айының 19-жұлдызында Астанада әлеуметтік–психологиялық бағытта жүргізілді. Эксперимент барысында бейтаныс қорқып тұрған қыз көмекке мұқтаж екендігін айтқандағы адамдардың өзін қалай ұстайтынын бақылады.
Эксперимент мақсаты – қорқып тұрған бейтаныс қызың көмегіне адамдар өзін қалай ұстайтынын бақылау.
Бейне TikTok желісінде бірнеше күн ішінде 5 миллионнан астам қаралым жинады. Оның кадрларында қыз өтіп бара жатқан адамдарға жүгіріп барып, оларға телефондағы мәтінді көрсетеді:"көмектесіңіз, күшпен ұстап жүр". Әрі қарай, оны белгісіз бағытқа апаруға бел буған жас жігіт келеді.
Адамдардың барлығы бірдей жауап бермейді, біреу өтіп бара жатыр, біреу алдымен мәтінге оқиды, содан кейін кетіп бара жатқан жұпты алып жүреді. Алайда, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың бірі әлі де араласуға шешім қабылдайды және асығыс түрде "қорқынышты" қызды күдікті, оның пікірінше, жас жігіттен алыстатады.
"Ол менен сұрап тұр, мен оған көмектескім келеді. Мен қазір полицияға қоңырау шаламын, кетіңіз", - деп жігітке ескертіп, қызды қорғап қалады.
Дәл осы экчперимент 3 рет өткізіледі, нәтижесінде, қызды жігіттен қорғап қалмақшы болғандардың 70%-ы нәзік жанды арулар екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, осы экспериментті жүргізуші Қарағанды қаласының студенті Думан Мұсаханов жүргізген болатын.
Осы бейресми экспериментті қорытындылай келе, әйел заты бір-бірінің жанын түсінетіндіктен, қыз баласына көмектесуге асықты және ер адамның қорқытуынан араша алып қалды. Менің ойымша, бұл эксперимент нәтижесі қазіргі кездегі біздің қоғамда өте көп қайталанып жатқан отбасылық зорлық-зомбылықтың әсерінен қыз баласын ер адамдар емес, көбінесе жанын түсінетін әйел кісілер қорғауға тырысты.


Қазақстан психологиясындағы заманауи эксперименттер

Әлеуметтік-психологиялық эксперимент – «Ерекшелігі бар балалар»
Құқық қорғау органдары академиясы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің қолдауымен 2020 жылы 15 қыркүйек күні қоғамның "ерекше" балаларға деген көзқарасын көрсететін әлеуметтік эксперимент жүргізді. Эксперимент жетекшілері: Е. Н.Бегалиев, Н. К.Бегалиев және З. К. Шинекенева.
Эксперименттің мақсаты - адамдардың ерекше балалардың проблемаларына қаншалықты жауап беретінін және оларға қандай көмек көрсетуге дайын екенін анықтау.
Экспериментке әртүрлі ерекшеліктері бар балалар қатысты. Олар пандусқа көтерілуге, ата-аналарына қоңырау шалуға, көшелердің орналасуын көрсетуге және т. б. көмек сұрады.
Экспериментке қатысқан 104 адамның тек 42-сі ғана балаларға көмек көрсетті.
Іс-шара Академия докторанты З. К. Шинекеневаның диссертациялық зерттеуі аясында өткізілді. Эксперименттің барысы бейнеге жазылды.
Қорытындылай келе, эсперимент нәтижелері көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі ерекшеліктері бар балаларды байқамайды, алыстайды, оларға қалай көмектесу керектігін білмейді, яғни, балалармен жұмыс жасаудан аяқ тартады. Қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар әлеуметтік бейнеролик дайындап, ерекше балаға көмек көрсету жөнінде жадынама әзірледі.
Пайдаланған ақпараттар тізімі:

  • https://tengrinews.kz/curious/kazahstantsyi-smelyie-sotsseti-udivili-rezultatyi-480773/

  • https://studme.org/87476/psihologiya/dooperatsionalnye_predstavleniya_goda

  • https://youtu.be/jSXeF_MgSXo?si=MTuISmfFh8atm9pg

  • https://academy-gp.edu.kz/?p=9839&lang=ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет