Әлем психологиясындағы заманауи эксперименттер Ж. Пиаже – «Баладағы операцияға дейінгі көріністер\елестетулер» Тұлға қалыптасып дамуында, баланы ой-өрісінің қалыпты дамуы өте маңызды. Баланың дамуы бойынша Жан Пиаженің ойлап тапқан эксперименттерінің нәтижесі бойынша 2 жас – 7 жас аралығындағы балаларда пайымдау, жалпылай ойлау қабілеті дұрыс жетілмейді, 7 жастан кейін ғана логикалық ойлау мен обьектіні жалпылай детально қарау дами бастайды.
Эксперимент мақсаты – балалардың логикалық ойлауының дамуы мен жалпылай ойлауының әр жас кезеңіндегі негізгі айырмашылықтарын анықтау.
2 жас – 7 жас аралығындағы балалар көрген, естіген ақпараттарын тікелей қабылдайды, Ж.Пиаже бұл құбылысты реализм деп атады. Мектеп жасына дейінгі бала өте баяу, біртіндеп реализмнен объективтілікке ауысады. Мысалы, ол барлық үлкен заттарды ауыр, ал кішкентайларын жеңіл деп санайды және 7 жасында ғана балаға жеңіл болатын кішкентай қиыршық тастың суға ауыр екенін, сондықтан батып бара жатқанын түсіне бастайды. Бұл айтылғандарды балаларға жүргізілген эксперименттен көреміз.
Мен болашақ психолог маман ретінде бұл эксперименттің нәтижесімен толықтай келісемін. Бұл эксперимент барысында 2 жас – 7 жас аралығындағы балаларға бірдей көлемдегі суды екі түрлі өлшемдегі стақанға құйғанда балалар ұзын стақанда су көп деп айтады. Ал, пластилиннен екі домалақ пішінді жасап, кейін біреуін бұзып, сопақшаға айналдырғанда, балалар сопақша пішіннің ұзын екендігін көрсетеді.
Қорытындыласам, эксперимент нәтижесі көрсеткендей, 7 жастан асқан балалар пластилиннен жасалған дөңгелектердің өлшемдері бірдей екендіктерін айтыжәне стақандағы судың да көлемі бірдей екендігін айтады. Бұдан аңғаратынымыз, балаларда 7 жастан кейін ғана логикалық ойлау мен обьектіні жалпылай детально қарау дами бастайды.
Әлеуметтік-психологиялық эксперимент – «Әлеуметтік конформизм» (Топтың мінез-құлқының жеке адамға әсері) Кез келген ортада көптеген адамдар өздерін сол ортадағыдай күйде ұстайды. Мысалы, автобуста адамдар ойланғыш, тыныш, артық күлусіз бірқалыпты күйде тұрады. Осы әлеуметтік қарым-қатынас бойынша 2018 жылы Америкада социалды эксперимент жүргізді. Эксперимент барысында адамдар белгілі бір клиникаға кезекке (очередь) тұрады. Сонда барлық адамдар бедгілі сигнал берілгенде орындарынан бір тұрып отырады.
Эксперимент мақсаты - топтың мінез-құлқының жеке адамға әсерін анықтау.
Жаңадан қосылған қыз не болып жатқанын түсінбесе де, жанындағы адамдар орындарынан тұрып жатқан соң, ол қыз да бейсаналы түрде әр сигнал берген сайын орнынан тұрады. Кейіннен қасына тағы да басқа адамдар келіп қосылып, сигнал берілгенде орнынан тұрғанда қасындағылар не себепті тұрып жатқанын сұрағанда ол қыз «жаңа басқалар да осылай жасаған» деп жауап қайтарады.
Пенсильвания университетіндегі Джона Бергер деген студент бұл әрекеттің мәнін – «көптеген адамдар кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдардың оған деген жасаған қарым-қатынасына байланысты өзінде установка қалыптастырып, өсе келе айналасындағы адамдардың ой-санасымен өмір сүреді және кейбір жағымсыз әрекеттерді де бейсаналы түрде айналасындағы адамдардан жұқтырып алады» деп жеткізеді. Тіпті, экспериментке қатысушы қыз да, өзі өзгелерден бөлектеніп отырғаннан қарағанда, айналасындағы адамдармен бірге сигнал берілгенде орынан тұрғанында ішінде комфорт, яғни, жайлылық сезімі орын алғандығын жеткізеді.
Бұл экспериментті қорытындыласақ, адамдар бала кезінде нені көрсе өсе келе сол әрекеттерді бейсаналы түрде, сол жасап жатқан ісінің мәнін түсінбей жасай береді және адамдар айналасындағы адамдардың ойларына тәуелді болуы да мүмкін.