Эмбриология, дербес даму биологиясының негізгі бола тұрып, биология ғылымдарының ішіндегі ең көнесі. Өсімдіктер, жануарлар мен адамның пайда болу мәселелері әр қашанда кімнің де болса назарын аударған. Бәлкім, биологияның басқа саласында дәл эмбриология саласындағыдай мистицизім, жұмбақтық, жорамалдау мен алыпсатарлық болмаған шығар.
Жануарлардың ұрықтық дамуы туралы алғашқы деректер ертедегі өркениет орталықтар Көне Мысыр, Вавилон, Ассирия, Греция, Үнді мен Қытай елдерінің тарихы құжаттарында кездеседі.
Организмдердің дамуы жөніндегі белгілі мәліметтерді ғана емес, маңызды эмбриологиялық ұғымдардың қалыптасуын Гиппократ пен Аристотельдің есімдерімен байланыстырады. Аристотельдің эмбриология жөніндегі негізгі еңбегі «Жануарлардың пайда болуы туралы» деп аталады
Эмбриондық дамуды жүйелі зерттеу микроскоп шыққаннан кейін ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысынан басталды. Италиалық эмбриолог Джироламо Фабриций (1537-1619) адамның және түрлі жануарлардың – қоянның, теңіз шошқасының, иттің, мысықтың т.б. жануарлардың ұрықтарын зерттеген.
Джироламо Фабриций
Эмбриология тарихында маңызды із қалдырған В. Гарвейдің “жануарлардың пайда болуы жөнінде” (1651) деген кітабы болды. Бұл кітабында ол ұрық даму процесінде мүшелердің жаңадан пайда болуы туралы және эмбриогенез жөніндегі кейбір ескі көз қарастарды сынаған (сондай-ақ, ұрық аталық ұрықтан және аналық қаннан пайда болады, деген пікір). Гарвей “тірі жанның бәрі жұмыртқадан дамиды” деген атакты афоризмнің иесі.
Гарвей
1672 жылы, голланд Ренъе де, Грааф көптеген сүтқоректілердің аналық бездеріндегі фолликуларды (ішінде сұйық заты бар, көлемі әр түрлі көпіршіктер) сипаттаған және оларды жұмыртқа деп атауды ұсынған, өйткені олар құстардың аналығындағы жұмыртқа өте ұқсас болған.
Эмбриондық дамуды жүйелі зерттеу микроскоп шыққаннан кейін ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысынан басталды. Италиалық эмбриолог Джироламо Фабриций (1537-1619) адамның және түрлі жануарлардың – қоянның, теңіз шошқасының, иттің, мысықтың т.б. жануарлардың ұрықтарын зерттеген.
Эмбриологияның, биология саласы болып өздігінше қалыптасуынан кейінгі, одан әрі өрлеуі Х. Пендер (17941865), К. Бер (1792 -1876), М.Рапке (1793 -1860) еңбектерімен байланысты. Пендер, әсіресе Бер еңбектерінде, ұрық дамуы ғылымы алғашқы рет көз жеткетн фактерлерді қаруланды және эмбриологияға белгілі даму кезеңдерін өз ара салыстыруымен қатар, тұқымның даму процесін түгел жұмыртқадан басып, бақылап отыру метозды кіргізілді.