Орындаған: Тобы: 121 топ жмсейтхан Б. Е қабылдаған



бет2/7
Дата10.02.2023
өлшемі2,62 Mb.
#66635
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ (1)

Гистология бөлімдері


  • Жалпы гистология - негізгі тіндер топтарының (нерв, бұлшықет, эпителий, дәнекер тіндердің) фундаменталъді қасиеттерін зерттейді.

  • Жеке гистология - нақтылы орган құрамындағы әртүрлі тіндедің құрылым- функциялық қалыптасу және өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Гистологияның бұл бөлімі органдар организмнің микроскоптық құрылысын зерделейді, яғни микроскоптық анатомияның негізі деп есептеледі. Сонымен, адамнын жалпы және жеке гистологиясының басты зерттеу объектісі (нысанасы) оның тіндері болып табылады.

  • Эмбриология - ұрықтың тіндері мен мүшелерінің даму коздері, механизмдері (гистогенез және органогенез) туралы ілім.

  • Цитология- жасушалар құрылысы мен қызметтерінің жалпы принциптері (ұстанымдары) туралы ілім. Әртүрлі тіндер эмбриондық даму кезінде бірігіп, күрделі жүйелерді – органдарды қалыптастырады.

Гистологияның даму тарихы


 Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар Аристотельдің, Галенның, Авиценаның (Абу Али-ль-Хасан ибн Абдаллах ибн Синаның), Везалийдің, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель өзінің «Жануарлар бөліктері туралы» деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе органдарды ажыратқан. Жеке ғылым саласы болып Гистология 19 ғ-дың басында микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Микроскопиялық зерттеулердің негізінде әртүрлі ұлпалармен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең ХVIII – ғасырдың аяғына дейін созылған.

Гистологияның даму тарихында шартты түрде 3 кезеңді бөліп қарастырады



Микроскопқа Микроскоптық Қазіргі заман дейінгі кезеңі кезеңі кезеңі
(б.з.б. IV ғ - XVIIғ (300 жылға жуық (ХХ ғасырдың ортасынан
ортасына дейін) аралық) қазірге дейін)

  • Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең (ХҮІІІ соны, XIX ғасырдың басы) микроскоптың жақсартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты болған. Осы кезенде практикаға микроскоптың көрсету қабілетін арттыратын окулярлар мен иммерсиялық объективтер енген. Сонымен бірге белгілі фиксациялаушы сұйықтармен (спирт, мышьяк ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин, осмий мен хром қышқылдары ұсынылған. Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац клеткалар мен үлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне енуі микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына жағдай жасады.

  • ¥лпалар туралы ілімнің негізін салған франциялық анатом Франсуа-Ксавье Биша деп есептеледі. Биша органдар түрлі органдарға ортақ ұлпалардан тұрады деп санап органдар құрылысының теориясын қа-лыптастырған. Биша адам организмі 21 ұлпадан тұрады деп санаған; олардың әрқайсысының құрылыс ерекшеліктерін баяндап жазған. Ұлпалар санының мұншама көп болуы Бишаның зерттеуді мацерация әдісімен жүргізуінің нәтижесі. Кейін ұлпалар санының анағүрлым аз екені анықталды.

  • XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму кезеңі басталған. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогенезі зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликер (1852) мен Лейдигтің (1857) алғашқы гистология оқулықтары жарық көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамның ұлпаларын төрт типке бөлген: дәнекерлеуші заттардың ұлпалары (дәнекер ұлпасы, шеміршек пен сүйек), «клеткалық» ұлпа (эпителий мен бездік эпителий), бұлшық ет пен нерв ұлпа-лары.

  • Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала Ресейде де дами бастады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томск (1883) университеттерінде және Санкт-Петербургтың дәрігерлікхирургиялық академиясында (1869) гистология кафедралары ашыл-ды. Осы кафедралардың алғашқы меңгерушілері А. И. Бабухин, Ф. В. Овсянников, Н. М. Якубович, Ф. Н. Заварыкин, К. А. Арнш-тейн, П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу университетінің гистология кафедрасын А. И. Бабу-хин (1835-1891) басқарды. Оның шеткі нерв талшықтарының нәзік құрылымын анықтаған, балықтардың электр органдарының гистофи-зиологиясын, көз бүршағын және иіс-сезім органын зерттеуге арнал-ған еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет