Орындаған: Тоқтамысова Азиза Тобы: жт-20-3к1 Қабылдаған



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі28,76 Kb.
#126382
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІММИНИСТРЛІГІ М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«ТОҚЫМА ЖӘНЕ ТАМАҚ ИНЖЕНЕРИЯСЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«ТАМАҚ ИНЖЕНЕРИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА


Тақырыбы: Өнімді сертификаттау


Орындаған: Тоқтамысова Азиза
Тобы: ЖТ-20-3к1
Қабылдаған: Тоқтабек Айжан

Шымкент 2023


Кіріспе

Сертификаттау латынша - «дұрыс жасалды» деген мағынаны береді. Сертификаттауға сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі арқылы бұйымның немесе қызметтің белгілі бір стандартқа немесе басқа нормативтік құжаттарға сәйкес екенің растайтын іс- қимыл деген анықтама берілген. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет. Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады. Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік бағасы деп атайды. Сәйкестік бағасы сәйкестікке тексерумен, сәйкестікті қадағалаумен және сәйкестікпен қамтамасыз етулермен тығыз байланысты. Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан, бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар. Сәйкестікті бағалау – өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғандығының дәлелдемесі.


Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

Қазақстанда өндірілетін немесе жеткізілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі елдің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Өнімнің сапасын және қауіпсіздігін қамтамсыз ету және анықтау құралдардың бірі оның сәйкестігін растау болып табылады. Халықаралық сертификаттау мәселелері жөніндегі комитет (СЕРТИКО), халықаралық сертификаттау жөніндегі орган ИСО 1982 жылы сертификаттау деген терминді алғаш рет қалыптастырып, оған анықтама берді.


Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген. Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды. Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша, сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды. Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет