Орындаған: Тоқтамысова Азиза Тобы: жт-20-3к1 Қабылдаған


Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі28,76 Kb.
#126382
1   2   3
Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:

  • сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;

  • өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;

  • сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;

  • үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау;

  • өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

  • алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;

  • сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;

  • сертификат беру;

  • сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру;

  • сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді. Осы өнімнің бірнеше органы бар болса, өтінім беруші олардың кез келгеніне өтінім жіберуге құқылы. Орган өтінімді қарайды және оны алғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей өтінім берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтінімді қарау мерзімі он күннен аспауға тиіс. Сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім нысан бойынша ресімделеді және осы объектіні сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделетін сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды, оның ішінде ұсынылып отырған сертификаттау схемасы, қажетті техникалық құжаттардың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесі, сынақ зертханаларының (орталықтың) атауы, сондай-ақ инспекциялық бақылау талаптары көрсетіледі.
Өнімді сертификаттау тәртібі

  • Сертификаттауға өтініш беру. Өтініш беруші өтінішін сертификаттау органына, ол жоқ болса ҚР Мемстандарт комитетіне береді. Сертификаттау органы өтінішті қарап, өтініш берушіге сертификаттауды қандай орган жүргізетінін хабарлайды. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер беріледі.

  • Үлгі алу, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу. Сынақ үлгісін атестатталған сынақ зертханасы немесе сертификаттау органдарының өкілетті мекемелері жүргізіледі. Сынақтан өткен үлгі сертификаттау жүйесінің нақты өніміне тарайтын ережесі бойынша сақталады.

  • Өндірісті бағалау. Таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе сапа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі.

  • Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылған талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытынды жасалып, оң шешім болғанда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді.

  • Сәйкестік белгісін пайдалану. Тұтынушы сертификаттау органынан лицензия алып, алынған өнімді сәйкестік белгісімен белгілеу құқын алады.

  • Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сертификат мерзімі ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртеден аз болмауы керек.

Инспекциялық бақылау — жаңадан салынып жатқан құрылыстарды және оның бөліктерін инспекциялық бақылаушылардың ішінара тексеруі, сонымен қатар мелиорациялық жұмыстардың белгіленген жоспары мен құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары бойынша тексеру. Инспекциялық бақылаудың екі түрі бар: жоспарлы және жоспарсыз
Сәйкестікті растау нәтижесі – объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкесітігн құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі. Сәйкестікті растау нысаны – нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдар жиынтығы.
Сәйкестікті растаудың 2 түрі бар:Сәйкестікті ерікті растау – дайындаушының немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтініш берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім. Сертификатталатын өнім өндірісінің жай-күйін талдау тәртібі осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді. Бұл ретте мыналар тексеріледі:

  • нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, олардың жай-күйі;

  • технологиялық процестің сақталуы мен оның метрологиялық қамтамасыз етілуінің жай-күйі;

  • кіру, қабылдап алу-бақылау және мерзімдік сынақтар жүйесінің бар болуы;

  • технкалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу жүйесінің және сынақ құралдарының бар болуы;

  • шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі;

  • сертификатталатын өнім сапасының тұрақтылығы;

  • сақтау жағдайларының бар болуы;

  • наразылықтарды есепке алу мен талдаудың бар болуы.

Өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері тиісті қорытындылары бар актімен ресімделеді және өтінім берушіге жіберіледі. Тексерістің теріс нәтижелері болған жағдайда таңдап алынған схема бойынша өтінім берілген өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстар тоқтатылады, бұл туралы Орган үш күн мерзімде өтінім берушіге жазбаша хабарлайды. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты оны берген Орган өтінім берушіге, тұтынушыларға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды. Орган Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, тұтынушылар мен нақты өнімді сертификаттауға мүдделі қатысушыларды ақпараттандырады.Сертификаты жойылған өнімді өтінім беруші инспекциялық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған түзеу іс-шараларын Орындағаннан кейін қайта сертификаттауға ұсына алады. Бұл жағдайда осы өнімді алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай, сертификаттау жөніндегі жұмыстар қайтадан жүргізіледі. Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты (параметрлері) мына нышандарға қарай таңдап алынады:

    • өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі (белгілі бір өндіріс партиясына жатады);

    • тапсырылған өнімнің техникалық құжатына сәйкестігі;

    • алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы;

    • заң актілеріне сәйкес, міндетті сертифкаттауда, басқа талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау.

Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.Жалпы сәйкестік сертификаты-ның жарамдық мерзімі 3 айдан 3 жылға дейін. Қазақстанда мемлекеттік сертификаттаудың дамуы 1993 жылы 18 қаңтарда стандарттау және сертификаттау заңын қабылдаудан басталды. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің № 411, 1993 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында міндетті түрде өнімдерді сертификаттауды кезең кезеңмен енгізу» қаулысымен міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер тізімдері анықталды. Бұл қаулы бойынша бақылау отандық және шет мемлекеттік өнімдерді сертификатсыз ішкі нарықта сатуға болмайды. Бұл қаулы орнына 1997 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы үкіметінің «Стандартар немесе нормативті құжаттардың міндетті талаптарын, оның өмірге, адамдар денсаулығына, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сәйкестілікке міндетті сертификаттаудан өтетін өнімдер тізімін бекіту туралы» № 112 қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Республикада Мемлекеттік Сертификаттау жүйесінің дамуына жақсы жағдай жасалған.
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • адамдардың өмірi мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өнімдер мен қызмет көрсетудің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

  • заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық сауда қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімдерін сертификаттауға көп көңіл бөлінеді. Өнімдерді сертификаттау арқылы олардың сапасын арттырады, ішкі және сыртқы саудадағы бәсекелестігін өсіреді. Европалық экономикалық комиссияның (ЕЭК) анықтамасы бойынша, сертификаттау деп "өнім немесе қызмет түрлерінің белгілі стандарттарға және техникалық шарттарға сай екендігін сәйкестік сертификат немесе сәйкестік белгі арқылы растауды" айтады, басқаша айтқанда, сертификаттау - өнімнің стандартқа немесе басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сай екендігінің кепілдігі.
Халықаралық тәжірибеде сертификаттаудың екі түрі қабылданған:

  1. сертификаттау (немесе "өндірушінің мәлімдемесі")

  2. "үшінші жақ тарапынан" сертификаттау.

Сертификаттаудың бірінші түрі көбінесе АҚШ пен Канадада көп тараған. Мұнда өндіруші өнімін өзі сынап, өңімнің стандартқа сай екендігі туралы сертификаттар толтырып немесе сертификат белгісін қойып мәлімдейді. Бұл жағдайда өнім қандай сынақтардан өткізілгені туралы аппараттар тұтынушыларға беріледі."Үшінші жақ тарапынан" сертификаттау сертификаттаудың көбірек тараған түрі. Мұнда өнімді сынақтан өткізуді және сертификаттауды өндірушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз әділетті органдар жүргізеді; әдетте мұндай органдар сынақтың ресми орталықтары (лаборатория, институт) немесе стандарттау ұйымдары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет