Диспепсиялық бұзылыстарды жою үшін өтсіз ферменттік, ішек бойында сіңбейтін антибактериялық дөрмектер, пробиотиктер қодданылады.
Бауырға күш салатын немесе цирроз процесін қоздыруы мүмкін ықпалдарды тоқгату қажет, мәселен, вакцинацияны, инсоляцияны, физиотерапияны, дәрі-дәрмектерді, әсіресе фитодәрмектердің саны мүмкіндігінше азайтылуы тиіс.
Этиологиялық ем.
Вирустық бауыр циррозында интерферонды қолдану мөселелері және ол емнің нөтижелері толық анықталып шешілмеген. Кдзіргі уақыттағы талаптар бойынша интерферон вирустық цирроздың активті сатысында, бірақ компенсация күйіндегі, НВУ+НСУ, НСҰ және НВеАё анықталған науқастарға ғана қолданады.
Алкогольдік гепатитте алкогольдік ішімдіктің барлык түрлеріне қатаң тыйым салынады.
4. Гемохроматозға байланысты циррозда бауырдағЫ гистологиялық өзгерістерді қан ағызумен біршама кдйтарады, біраК қалыптасқан циррозға бұл ем әсер етпейді.
Емі
5. Вильсон-Коновалов ауруында купренил цирроздьій барысына біршама оң әсер етеді. 6. Кардиальдік фиброзда негізгі жүрек-тамыр ауруы неғүрлым ерте емделуі тиіс, мүмкін болса хирургиялық ем қарастырылады (ақауды жою, т.б.).
7. Екіншілік биллиарлық циррозда бауырдан тыс өт зсолдарының обструкциясы неғүрлым ерте емделуі тиіс.
8. Аутоиммундық цирроздың активті фазасында жөне айқын гиперспленизм болғанда глюкокортикоидтық емді қолданады. Цирроздың терминальді сатысывда оны қолдану қажетсіз. Негізінде, преднизолон у-глобулиндері биік науқастарға ғана берілуі хяіс. Цирроздың бұл түрінде соңғы уақытта келесі үлгімен пульс- терапия қолданьшуда: 1-ші күні — 40 мг; 2-ші күні — 40 мг; 3-ші күні - 40 мг ішуге беріп, содан кейін толық үзеді. Осылайша ем курстарын, у-глобулиндер ең болмаса 25-27% төмендегенше, ай сайын қайталайды. Көбіне бауыр циррозының емінде базистік шараларға, симптомдық емге, асқынулардың алдын алуға көп мән беріледі.