Орындаған: Уразалиев Д. Тобы: 309а жм



бет3/10
Дата29.12.2023
өлшемі118,85 Kb.
#145059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Морфологиясы

  • Бауырдағы түйіндердің көлеміне қарай бауыр циррозының микронодулярлық, макронодулярлық, аралас және толық емес септалық түрлерін айырады.
  • Микронодулярлық циррозда бауырдың бетінде ұсақ, диаметрі 1-3 мм біркелкі тегіс жайылған түйіндер болады. Түйіндер, қалыңдығы 2 мм шамасындағы фиброздық қалқалармен қоршалып қапталған.
  • Фиброздық қалқалар бауыр бөлшектерін ұсақ, көлемі шамамен тең, псевдобөлшекгерге бөліп тастаған. Әр псевдобөлшек бір бөлшектің бөлігі болып табылады.
  • Цирроздың бұл түрінде бауыр ұлғаймайды немесе болмашы ұлғаяды, беті тегіс. Микронодулярлық вариант бауыр циррозының ертелеу сатысы деген де пікір бар. Микронодулярлық цирроз алкоголизмге, гемохроматозға төн.
  • Макронодулярлық циррозда бауыр бетіндегі түйіндер ірі, диаметрі 3 мм артық, кейде 5 см болады. Бауырдың беті бұдыр, оның көрінісін кейде жүзімнің сағына ұқсатады.

Гистологиялық зерттеуде псевдобөлшектердің бір емес, көптеген бөлшектердің қалдығынан тұратындығы анықталады. Макронодулярлық цирроз вирустық гепатиттерде дамиды.

  • Гистологиялық зерттеуде псевдобөлшектердің бір емес, көптеген бөлшектердің қалдығынан тұратындығы анықталады. Макронодулярлық цирроз вирустық гепатиттерде дамиды.
  • Аралас (макромикронодулярлык) циррозда түйіндердің ұсағы да, ірісі де болады.
  • Толық емес септпалык, цирроздың айырмашылығы — бөлшектің шетінен басталған қалқалардың орталық венаға дейін
  • жетпей "орта жолда тоқтауы" (тұйық аяқталуы) және регенерацияның түйінді емес, диффузды дамуы.

Жіктелуі

Бауыр циррозының жіктемесі (571.5; 571.6; 571.2) (ДДҰ жіктемесі- 1978 г.)

1. Морфологиясы бойынша.

1.1. Макронодулярлы (ірі түйінді).

1.2. Микронодулярлы (ұсақ түйінді).

1.3. Аралас макро- және микронодулярлық (толық емес септалды).

1.4. Біріншілікті билиарлы.

. Этиологиясы бойынша:.

. Этиологиясы бойынша:.

  • 2.1. Вирусты (вирусты гепатиттер В, С, Д).
  • 2.2. Алкоголды.
  • 2.3. Токсикалық (дәрмектер және химиялық заттар). 2.4. Туа пайда болған метаболизм бұзылыстарына байланысты.
  • 2.4.1. Галактоземия.
  • 2.4.2. Гликогеноз.
  • 2.4.3. Тирозиноз.
  • 2.4.4. Фруктозаны туа көтере алмау.
  • 2.4.5. Альфа-1-антитрипсин тапшылығы.
  • 2.4.6. Талассемия.
  • 2.4.7. Гиперметионинемия.
  • 2.4.8. Вильсон ауруы.
  • 2.4.9 Гемохроматоз. 2.5. Екіншілікті билиарлық бауыр циррозы. 2.6. Кардиогендік бауыр циррозы. 2.7. Криптогенді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет