Қалқанша маңы безінің қызметінің артуы.Гиперпаратиреоз,әдетте қалқанша маңы бездері ұлғайғанда (гиперплазия) немесе оларға ісік (аденома) немесе қатерлі ісігіне байланғанда дамиды,аутоиммундық болуы да мүмкін.
Бұл кезде бездің жалпы массасы 100 грамға дейін жетуі мүмкін.
Біріншілік
Көбіне аденомасы салдарынан паратиреоидтық остеодистрофия дамиды.
Салдарлық
Сүйектер зақымдалғанда (ісік метастаздары,плазмацитома,рахит) немесе бүйрек ауруларының зардабынан (бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі) организмде ізбес тым көбейгенде,соған қарсы компенсациялық үдеріс ретінде орын алады.
Гиперпаратиреозға кальций мөлшерінің қанда көбейіп,фосфордың азайып кетуі тән.Осыған байланысты сүйектер морт сынғыш болады.Бұл науқас паратиреоидты остеодистрофия немесе Реклингаузен сырқаты деп аталған.Даму барысында қалқанша маңы бездерінде аденома қалыптасып,паратгормон тым көбейеді де,кальций мен фосфор дұрыс алмаспайтын болады.
Гипертиреоз белгілері:
Жүйке жүйесіндегі өзгерістер:
ұйқысыздық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелілігі; Тершеңдік;
Әлсіздік; Жүректің қатты соғысы; Дірілдеу, әсіресе, саусақтар қатты дірілдейді;
Көздің күп болып ісіп кетуі, көзді бір орынға қадай алмау; Арықтау; Іш өту. Жоғарыдағы белгілер біліне бастаса, міндетті түрде эндокринолог-дәрігерге қаралу керек. Бұл ауру қатты асқынбаған болса, емделуге болады.