Орындаған:Қайрат Әсемай Тобы-кок224 №5 практикалық сабақ тақырыбы: Қожа Ахмет Йассауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы. «Диуани хикметтің»


Захириддин Мұхаммед Бабырдың өмірі мен қызметі. «Бабыр-наме» – тарихи шежіресінің көркемдік ерекшеліктері, зерттелуі және аудармалары



бет3/4
Дата02.12.2023
өлшемі25,69 Kb.
#132518
түріСабақ
1   2   3   4
Захириддин Мұхаммед Бабырдың өмірі мен қызметі. «Бабыр-наме» – тарихи шежіресінің көркемдік ерекшеліктері, зерттелуі және аудармалары.

Захириддин Мұхаммед Бабыр-көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, ғажайып өлең-жыр жазып кеткен ғұлама ақын, тарихшы. Ол 1483 жылы 14 ақпанда Әндіжан қаласында туылған. Жастайынан өнерге, білімге өнерге құштар болған Бабыр түркі тілдерімен қатар араб және парсы тілдерін де жақсы меңгеріп, Шығыстың классикалық поэзиясынан еркін сусындаған, тарих, философия, табиғаттану ғылымдары бойынша, сәулетшілік және соғыс өнерті бойынша өз заманына лайықты едәуір білім алған жан. Ержүрек батырлығы үшін оны бала кезден-ақ Бабыр ( арабша «бабур»-«арыстан» деген сөз) деп атап кеткен.
Бабырдың есімін әлемге паш еткен шығармасы- «Бабыр-наме». Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби тілде-шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде –XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар баяндалады. Ол кезде «Кабул-уәлаяты»» деп аталатын , қазіргі Ауғанстан территориясындағы маңызды тарихи оқиғаларды екінші бөлімінен оқуға болады.Үшінші бөлімінде солтүстік Индиядағы саяси оқиғаларды, елдің оқиғасын, географиясын, табиғатын, халқын, әдет-ғұрпын, салт-санасын т.б. көркем тілімен бейнелеп көрсетуге арналған. Бұл еңбек жайында автор былай дейді: «Мұнда жазылғанның бәрі ақиқат. Мен өзіме-өзім мынадай шарт қойдым: әрбір оқиға қалай болғанын-дәл осылай етіп жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық болсын. Сондықтан, өзімнің туысқандарымның жақсы жақтарын да , жаман жақтарын да жасырмай айттым. Өзіме жақын жандардың да, жат кісілердің де кемшіліктері мен игі қасиеттерін баян еттім…».


Сызбалар, тапсырмалар және ситуациялар (мына тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):

  1. «Диуани хикметтегі» діни мәселелерді талқылау. Діни уағыздағы өлеңдердің көркемдік мәнін ашу.

  2. Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұни, Абайдың ортақ көзқарастарын айқындап саралау.

Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар.
Әл-фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс.
Ал, қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды.Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.
Жүсіп Баласағұни
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) аты әлемге әйгілі ақын , философ, қоғам қайраткері болған. Ол туралы мағлұматтарды біз оның өзінің
негізгі еңбегі “Құтадғу білік” (Құтты білік) дастанынан білеміз. “Құтадғу білікте мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген.
Махмуд Қашғари “Диуани лұғат-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы)” еңбегінің негізгі идеясы әскери,табиғат, адамгершілік,махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады.
Махмуд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының ХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән бергені көрінеді.
Бұл түрік тілінің сөздігінде түріктер өмірінің ХІ ғасырдағы бай сипаты, салт-дәстүрі, өлеңдер мен аңыздардың, материалдық мәдениет заттарының мән-мағынасы ашылып көрсетілді.
Қожа Ахмет Ясауидің (1093-1157) басты еңбегі “Диуани Хикмет” (“Даналық жайындағы кітап)” көне қыпшақ тілінде жазылған, 4 мың 400 жолдан тұратын әдеби-философиялық мұра. Осы шығармасында ол әділдік, шапағаттық, мейірімділік, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни, Абай айтқандай “бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық” болуға шақырады.Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Яссауи ілімі осы саяси- әлеуметтік, тарихи шарттарға байлынысты қалыптасты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет