Орындаған:Қайрат Әсемай Тобы-кок224 №5 практикалық сабақ тақырыбы: Қожа Ахмет Йассауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы. «Диуани хикметтің»



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі25,69 Kb.
#132518
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Асемай адебиет 5мпрактика


Орындаған:Қайрат Әсемай
Тобы-КОК224
5 практикалық сабақ тақырыбы: Қожа Ахмет Йассауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы. «Диуани хикметтің» басылымдары, идеялық мазмұны және көркемдік ерекшеліктері. Зерттелуі. «Мират-ул Қулуб» кітабындағы шариғат, таирхат және хақиқат мәселелері. Сүлеймен Бақырғанидің (ХІІ ғасыр) өмірі мен қызметі. «Бақырғани кітабы». Алтын Орда дәуірі әдебиеті (XIII–XV ғасырлар). «Қисса-сул әнбия» жинағы және «Кодекс куманикус» еңбегі
Студентерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: (мына сұрақтар мен тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):

  1. «Ақыл кітабы» – исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда бейнелейтін жыр жинағы екендігін, еңбектегі сопылық ағымның философиялық ой-пікірлеріне шолу.

«Диуани хикмат» -исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа,бауырмалдыққа,ізгілікке,имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида, шарттарын,Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикматтың» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу,ақиқатты іздеп табу,адамныңрухани өмірінің таза болуы.Ахмет Иасауи «Ақыл кітабында» Аллаға жақыдай түсу үшін әрбәр адам өзінің өмір жолында 4 басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет