Орындаған:Қайрат Әсемай Тобы-кок224 №5 практикалық сабақ тақырыбы: Қожа Ахмет Йассауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы. «Диуани хикметтің»


«Бабыр-наме» кітабы мен қазақ тарихи жырларымен ұқсастығын салыстыру. «Бабыр-наме» кітабындағы тарихи оқиғалардың мазмұнын меңгерту



бет4/4
Дата02.12.2023
өлшемі25,69 Kb.
#132518
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Асемай адебиет 5мпрактика

«Бабыр-наме» кітабы мен қазақ тарихи жырларымен ұқсастығын салыстыру. «Бабыр-наме» кітабындағы тарихи оқиғалардың мазмұнын меңгерту.

Қазақ халқы мен « Бабыр-наменің» байланысы.
Кезінде қазақтың оқыған зиялылары «Бабыр-намені» қазақ халқының өз тарихы жазылған шығарма деп таныды.Бабырдың бұл еңбегінде қазақ, өзбек, түрікмен, тағы басқа түркі тектес халықтардың этникалық құрамына енген ру-тайпалардың тарихы баяндалады. Ежелгі қазақ жеріндегі кенттер, өзендер, көлдер, таулар, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар т.б. әңгіме болды. Мәселен, « бабыр-намеде» қазақтың Түркістан, Сайрам, Отырар секілді шаһарлар туралы, Сырдария, Арыс т.б. өзендері мен көлдері жөнінде қызықты деректер жазылған. «Бабыр-намеде» қазақтың алғашқы хандары Жәнібек, үш жүз мыңға жуық атты әскері болған қазақ ханы Қасым, ұлы жүздің Жетісудағы дулат тайпасынан шыққан тарихшы-ғалым әрі ақын Мұхаммед Хайдар Дулати, жалайыр руынан шыққан ақын Хасен Али жөніндегі нақты тарихи деректер берілген. Қазақ елінің руларына, қоғам қайраткерлеріне мінездеме берді.
Біздің елімізде «Бабыр-намені» тұңғыш рет Тимур Булат деген кісі 1714 жылы Бухара қаласынан тауып, оны кейінірек белгілі ғалым Георг Джекат Кер Петербургте зерттей бастады. Осы қолжазбаны негіз етіп алған Н.Ильминский « Бабыр-намені» 1857 жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Кеңес дәуірде Бабырдың басты шығармасы орыс тіліне толық аударылып, үш рет басылып шықты. Оны орысшаға тәржіма жасаған М.А.Салье болды. Ал, қазақ тіліне 1990 жылы орыс тілінен аударылған болатын.
«Бабыр-наменің» көркемдік ерекшелігі «Бабыр –наме» тарихы, ғылыми еңбек қана емес, сонымен бірге, түркі тілінің мол мүмкіншіліктерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. Бұл прозалық шығарманың негізгі объектісі тарихи оқиғалар болып келеді. Әйтсе де, сол тарихи оқиғаларды баяндап шығумен шектеліп қана қоймайды. Ол көркем шығармаға тән метафора, теңеу, метатеза, эпитет, гипербола т.б. көріктеу құралдарын зор білгірлікпен қолданды. « Бабыр-намеде» түркі тілдес халықтардың ертегі-аңыздары, мақал-мәтелдері, фразеологиялық сөз тіркестері, айшықты теңеу сөздері жиі ұшырайды. Бабыр өз дәуірінің әдеби тілі –шағатай тілін осы шығармасында мейлінше ажарлап, құбылтып, айшықтап қолданады.
4. «Бабыр-наме» кітабындағы тарихи оқиғалар. «Бабыр-наме» кітабының тәрбиелік мәні. Көркем шежірелердің тілі. «Бақырғани кітабындағы» автордың діни көзқарастарын талқылау.
Жазушы ерлікті, батылдықты көкке көтере мадақтайды. Ал, қоян жүрек қорқақтықты, опасыздықты жер-жебіне жеткізе әшкерелейді. Ең бастысы- патша тағына таласып, өзара қырық пышақ болып қырқысып жатқан феодалдық соғыстардың адам табиғатына жат, жиіркенішті жақтарын оқушысына егжей-тегжейлі суреттеп береді. « Бабыр-намеде» тарихта болған көптеген көрнекті адамдардың-қол бастаған батырлардың, ғалымдардың, сәулетші-шеберлердің, ақындардың, тағы басқа өнер адамдарының психологиялық портреті, әдеби бейнесі жасалған. Лауазымы, атақ –дәрежесі, ұлты, жасы, мінез-құлқы, діні т.б. әртүрлі болып келетін сол тарихи адамдардың бәрі бір-бірімен шығарманың ең басты қаһарманы Бабырдың өзі арқылы байланысып тұрады.Бұл көркем туындының өзіне тән оөиға желісі, сюжеті, композициялық құрылысы бар. «Бабыр-наме» оқуға жеңіл, оқырманын бірден баурап кетеді. Автор қара сөзбен айтып жеткізе алмаған кейбір ғажайып көріністерін лирикалық өлең жолдарымен суреттеп өтеді. Әлемге есімі мәшһүр шығыстанушы ғалым, академик В.В.Бартольд «Бабыр-наменің» көркемдік дәрежесін жоғары бағалай келіп, оны «түркі тіліндегі прозалық шығармалардың ең жақсы үлгілерінің бірі» деген еді.
Алайда, шығарманың құнды жақтарымен қатар, оның кемшіліктері де бүкпесіз.Өйткені, марксизм-ленинизм ілімі тарихи, әдеби мұраларға қашанда объективті түрде, диалектикалық тұрғыдан қарауды талап етті. Осы тұрғыдан қарасақ, оның авторы өз заманының перзенті, феодалдық дәуірдің патшасы екенін көреміз. Ол көп жағдайда феодалдық көзқараспен қарайды. Пікір таласы туғанда, бектердің, сұлтандардың пайдасына шешуге тырысады. Дегенмен мұның бәрі шығарманың тарихи, ғылыми құндылығын кеміте алмайды. Бүгінгі өрісі биік, ой-пікірі терең талғампаз оқырман бұдан бас тартқан емес.

Қорыта келгенде, « Бабыр-наме» шын мағынасындағы энциклопедиялық шығарма. Мұнда ғылымның сан түрлі салалары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Қазақ халқының азаматтық тарихына , әсіресе, әдебиеті мен тіліне, этнографиясына қатысты материалдар бабырдың осы еңбегінде мейлінше көп жинақталған.


5.«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.


Блиц-тест (сұрақ нөмірін қойып, жанына дұрыс жауаптың әріпін көрсету керек):

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет