Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамның психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әралуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің ұнамды касиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар мінезіндегі саналы әрекеттер мен белгілі істі орындауға бағытталған мақсатты көрсетеді. Сөйтіп, ол өзінің әрекетінің жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған рахаттанады, бойындағы күш-қуаты мен қабілетіне деген сенімі артады.