«Қазақ хрестоматиясы» орыс хрестоматияларының үлгісімен жасалды. 1876 жылдың 3 желтоқсанында Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Бірінші кітабымды Паульсон кітабының құрастырылу тәртібімен жазып шыққалы отырмын. Әрине, мұны қазақ балаларына лайықтап жазамын»(210). Ы.Алтынсарин сол кездегі қазақ жазбасында тұрақталып қалыптасқан араб жазуын емес, орыс алфавитін пайдаланды. Ыбырай қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып қалыптастыруды арман етті. Кирилица нұсқасына қазақи дыбыстардың әріптерін белгілп қосуды ойлады. Сөйтіп, 1879 жылы алғашқы «Қазақ хрестоматиясын» шығарды.
. Өйткені араб әліппесі қазақтың ұлттық фонемасына сәйкестендірілмеді. Оның фонетикалық жағынан күрмеу бола бастағанын Ы.Алтынсарин бала оқыту кезінде байыптады. Бұл жайды А.Байтұрсынов та кейін кеңінен зерттеп, төте оқу әліппесін түзген болатын.