«Кел, балалар, оқылық». Ыбырай өлеңдерінің ішіндегі ең кең тарағаны да — «Кел, балалар, оқылық!». Бұл – балаларға үгіт ретінде жазылған, оларды оқуға, өнер үйренуге шақырған, өнер-білімнің пайдасын түсіндіретін өлең. Бұл өлең кеңес дәуірінде балаларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарының бәрінде де үздіксіз басылып келді және қазіргі кезең оқулықтарында да басылуда. Бұл – аталмыш өлеңнің уақыт талабына жауап бере отырып, әр дәуір ұрпағын тәрбиелеуге үн қосып келе жатқандығының айғағы.«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі – түгелдей Ыбырай өмір сүрген дәуірдің рухына, шындығына толы.

Білім-өнерден алыс жатқан қазақ балаларын жинап алып, осы тәріздес үгіттік, ұрандық мәні бар өлең оқу ол дәуір үшін тың жаңалық еді. Бала ұғымына жанды әсер ету үшін ақын оқу-білімнің өлмейтіні мен «мал-дәулеттің байлығы бір жұтаса жоқ болатынын» біріне-бірін қарсы қоя отырып түсіндіреді.