Жоспар:
•
Нәсіл, орта, мезет факторларының көркемдік
дамуда
алатын орны.
•
Т.Бенфей және әдебиеттанудағы компаративизм бағыты.
•
Көркемдік құбылыстарды салыстырмалық тұрғыдан
зерттеу.
•
А.Потебня және психологиялық мектеп.
Нәсіл, орта, мезет факторларының
көркемдік дамуда алатын орны
•
Әрбір әдебиеттанушылық мектеп әдеби шығармашылықтың факторлық
топтарының біріне өзінің жіті назарын аударды. Осыған байланысты мәдени-
тарихи мектепке (XIX ғ. екінші жартысы)бет бұрайық. Онда жазушының іс-әрекеті
көркемдіктен тыс құбылыстармен, ең алдымен қоғамдық психологиямен
шарттастықта қарастырылды.
•
Осы мектептің көшбасшысы француз ғалымы Ипполит Тэн:
"Әдебиет туындысы
дегеніміз – бұл құр ғана елестету ойыны, албырт жаннның іске аспайтын
өзіндік тілегі души, қоршаған әдет-ғұрыптың суреті және белгілі ой ауанының
куәсі <...> әдеби жәдігерлер бойынша көптеген ғасырлар бұрын адамдардың
нені сезініп, нені ойлағаны турасында пікір айтуға болады".
Ары қарай: әдебиетті зерттеу "адамгершіліктің даму
тарихын құруға мүмкіндік береді
және оқиғаларды
билеп төсеген психологиялық заңдарды танып
білуге жақындатады" деп жазды.
Тэн әдебиеттегі салт-дәстүрден, ой мен сезімнен
жалтарушылық адамдардың ұлттық, әлеуметтік-
топтық және дәуірлік нышан-белгілеріне
байланысты болып келеді деп атап көрсетті.
Жазушы шығармашылығының осы үш факторын ол