Орындаган: Ташметова Ж



бет2/2
Дата07.11.2022
өлшемі1,17 Mb.
#48006
түріОқулық
1   2
Байланысты:
жулдыз111

Біріншісі – адам өзінің ой-өрісін пайдаланып әлемде болып жатқан хикметтер туралы, болмысты құрайтын элементтер туралы пікір (фікір) жасау. Сөйтіп, ол әлем заңдылықтарын ой-өріс, ақыл-есі арқылы түсініп, Абсолютті таниды. Ол үшін жоғары дамыған ой-өріс, мықты интеллект керек. Жан білімге толы болғандықтан, Абай ілімі бойынша білімге құштарлық – жан құмары. Білімге ұмтылу жаннан шығады. Жан әлемнің барлық элементтерін, олардың байланыстарын білуге ұмтылады. Адам тіршілігі жанның өзінен шығатындықтан, ол тіршіліктің көзін іздеу – жанның өзін-өзі тануға ұмтылуы деген сөз. Жан сезімдер арқылы түскен барлық хабарды (сигналды) миға ақылмен саралатын, сонан соң еске беріп, оған қорытынды жасатады.
Пікір
Екіншісі – барлық ой-өрісті ішкі дүниеге, жанға, Құдайдың нұрына, не болмаса зікір арқылы Жоғары Жанға шоғырландыру (медитация). Пікір әдісінде көңіл Жаратушының жаратқандарына ауса, ал зікірде көңіл Жаратушының Өзіне ауады. Бірінші әдісте адам өзінің бес сезімін толық пайдаланады, ал шоғырландыру әдісінде, керісінше, сезімдерді олардың объектілерінен бөліп, барлық сезімдерден бас тартады. Сонда психикалық қуат нәзік рухани сезімдерге беріліп, рухани болмысты сезінуге мүмкіндік береді. Бұл жолға түскендер сирек кездеседі. Олар сезімдерін тоқтатумен көптеген жылдар шұғылданады. Шығыс елдерінде жердің астына түсіп, су қараңғы, жым-жырт жерде оқшаулану әдеті бар. Сезімдер тоқталып, ой ғана жұмыс істейді. Біраздан кейін ой да тоқталады, осылай Түп Иемен бірігу мүмкіндігі туады. Бұл әдіс өмірден толық қол үзіп, сезімдерді жүректегі Ғазиз Жанға толық шоғырландыруды керек ететіндіктен, қатаң аскетизммен (тақуалықпен) орындалады. Оқшау өмір сүру әркімнің қолынан келе бермейтін өте қиын, бірақ жеткізетін жетістігі өте биік және өте нәтижелі жол. Мысалы, Ахмет Яссауи өзінің рухани жолында осы әдісті пайдаланған. Ол алпыс үш жастан кейін жерден шұңқыр қазып, қалған өмірін сол «Қилуетте» өткізген
Зікір
Назарларынызга рахмет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет