Орындаушы: Кенжеғали Әлібайұлы


Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді. Теория –



бет5/10
Дата16.10.2023
өлшемі62,34 Kb.
#116050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Кенжик срсп

Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді.
Теория – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады.
Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі.
В.В.Краевский педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі деп тұжырымдайды.
Педагогика әдіснамасы кең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін және тар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.
Педагогтің әдіснамалық мәдениетінің құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.
Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнына мына білімдер енеді:
педагогикалық білім құрылымы мен әрекеттері туралы білім;
жалпы ғылымдық мазмұндағы ағымдағы, негізгі, іргелі педагогикалық теориялар,
тұжырымдамалар, болжамдар;
педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білім;
тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.
Педагогика әдіснамасының деңгейлері
Ғылыми танымда әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейлері көрсетіледі.
Әдебиеттерде әдіснамалық талдау үдерісі төрт деңгейлік иерархия түрінде беріледі:
1) философиялық әдіснама, яғни, таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы негізінде педагогикалық зерттеу мәнін, оның әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұрғысынан педагогикалық зерттеу нәтижелерінің танымал түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;
2) жалпы ғылымилық әдіснама, жалпы ғылымилық қағидалар мен зерттеу формаларын
қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешенді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылымилық әдістер, идеалдау, модельдеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б қатысады).
3) нақты ғылымилық әдіснама педагогика ғылымының зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Педагогикалық зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажетті психология, әлеуметтану және т.б ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараттының бірегейлігін қамтамасыз етеді;
4) зерттеудің әдістемесі және техникасы (технология), яғни, бір сипатты және шынайы
эмпирикалық материал жинап, оны алғашқы талдау үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы.
Педагогикалық теория дегеніміз педагогикалық сан алуан құбылыстарды зерттейтін,
бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі. Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет