Сұрақ:Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы кім болып табылады?
Жауап:
Сұрақ: КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге неше мемлекет қол қойды?
Жауап:
Тәуелсіз Қазақстанның өз елтаңбасы мен туы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
1992 жылдың 4 маусымы тарихта және халық санасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының туылған күні болып сақталады.
Жалпы бүгінде кеңінен қолданылатын «герб» термині «ербо» неміс сөзінен шыққан. Қазақ тіліне аударғанда ол «таңба» (тамға, белгі) деген түсінікті білдіреді. Бұл термин алғаш рет ежелгі Түрік Қағанатында қолданыла бастады (551-630 ж.ж.)
Егеменді Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы екі атақты сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың зор еңбегі, шығармашылық ізденістерінің қорытындысы, бұл жарыста жеңіске жету оңай болған жоқ. Бүгінгі елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипатының мәре сайысына қатысқанын еске салуымыз жеткілікті.
Елтаңба дөңгелек нысанды. Дүние жүзінде ең көп жасалған нысан шар нысаны болып саналады. Ал бұл жетілген элементке ең жақын дөңгелек; көшпенділер арасында бағаланады. Дөңгелек елтаңбатану элементі ретінде барлық жерде қолданыс табады, бірақ ол шығыс көшпенділер арасында сыйлы және құрметті. Бұл өмір, мәңгілік нышаны.
Біздің елтаңбамыздың өзіне негізгі идеясы болып алынған орталық элементі болып киіз үйдің күмбез тәріздес- шаңырақ болып табылады. Шаңырақ- отбасылық ырыс-берекесі, бейбітшілік, тыныштық нышаны. Шеберлікпен, тиімді және әдемі салынған киіз үйдің жарқыраған тесігі – түндік, көгілдір түсті, бейбітшілік аспандағы ашық күнді еске салады. Күмбез жерді- уық, біркелкі елтаңбаның ортасынан көгілдір кеңістікке таралған – уық, күн сәулесін- өмір және жылу көзі болып табылады. Авторлар киіз үйдің қозғалатын негізін- керегені бейнелеу мәселесін де шешті. Шаңырақтың крест тәріздес, үштік күлдіреуіші үш жүздің бірлігін білдіреді, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Осындай жолмен, авторлар елтаңбатану тілімен қазақтардың өмірсүйгіштігін көрсетті. Республиканың барлық халықтарын бір шаңырақ астына, біздің жалпы үйіміз- Қазақстанның мықты құрылыман айналуға ұмтылуға шақырады.
Елтаңбаның келесі композициялық құрылымының құрамды бөлігі, жартыай нышанды мүйізді алтын қанатты, фантастикалық шабандоз- тұлпарлар болып табылады. Мемлекеттік нышандағы арғымақтар бейнесінің ертедегі тарихы болса да, қабылданар алдында авторлардың бұл нұсқасы үлкен пікірталас туғызды. Тұлпардың қара көлеңкесі елтаңбатанушылар тілінде терең мағынаны білдіреді. Ол: жауға қарсы арыстанның ержүректігін, сұңқардың көрегендігін, бұқаның кшін мен қуатын, кербұғының жылдамдығы мен шапшаңдығын, түлкінің қулығы мен тапқырлығын білдіреді. Тұлпарлардың алтын қанаты сондай-ақ бидай сабақтары, алтын толағай, яғни еңбек белгісін, береке және материалдық ырысты білдіреді.
Елтаңбаның ортасында бес бұрышты жұлдыз бар. Жобада ол жерде жартыай мен кіші үш жұлдыз орналасқан. Талқылау кезінде сегіз бұрышты, жеті бұрышты, бес бұрышты жұлдыздар нұсқасын ұсынылды. Соңғысына тоқталды. Біздің жүрегіміз және құшағымыз бес континент өкілдеріне ашық.
Біздің елтаңбаның ашық түсін ескеру қалды. Негізінен олар екеу: алтын түстес және көгілдір. Біріншісі Біздің халықтың ашық, анық болашағына сәйкес. Көгілді аспан дүние жүзі халықтары үшін. Біздің елтаңбадағы оның түсі біздің бейбітшілікке, басқа планета халықтарымен келісімге, достыққа және бірлікке талпынысымзды көрсетеді.