Қорқыт Ата атындағы ҚУ «Физика және математика» кафедрасының оқытушысы, математика ғылымдарының магистрі Н.Ә. Исаева



бет1/3
Дата16.10.2023
өлшемі45,75 Kb.
#115585
  1   2   3
Байланысты:
ор ыт Ата атында ы У «Физика ж не математика» кафедрасыны о ы


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жолдасбаев Нұрәлі Райымбекұлы «Мектеп курсындағы ауылшаруашылық мазмұндағы есептер» тақырыбындағы дайындаған ғылыми жобасына
Пікір
Математиканың мектептік курсы оқушылардың өнер кәсіппен ауылшаруашылығы өндірісінің негіздерін игеруге көмектеседі, бұл оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие берудің маңызды жолдарының бірі.
Нарықтық қатынастар экономикалық өмірге дендеп енуіне байланысты, қоғам талабына сай мектеп математика курсының кейбір тарауларына ерекше көңіл бөліп, оқушыларға экономикалық мазмұнды есептер шығарту керек. Оқушыларға математика сабағында экономикалық білім беруде пәнаралық байланыстың маңызы зор. Себебі, математикалық әдістер тарихта, экономикалық географияда, қоғамтануда, физикада және т. б. пәндерде кездесетін экономикалық ұғымдар мен көрсеткіштерді түсіндіруге қолданылады.
Алайда, экономикалық мазмұндағы математикалық есептер, әсіресе ауылшаруашылық мазмұндағы есептер оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне сай қолданылмай келеді. Осы тұрғыдан алғанда қорғауға ұсынылып отырған ғылыми жоба өзекті мәселеге аранлған деп айтуға негіз бар. Жас зерттеуші өз бетінше республика көлемінде шығатын газет - журнал беттерінде жарияланатын есептердің экономикалық хал – ахуалын белгілейтін таблицаларға шолу жасап, түсінуге тырысқан, әсіресе, экономикалық терминдерді есептерде көп қолданылатын айқындай білген. Ғылыми жоба авторының ізденіс жұмыстарына жақсы баға бере отырып, математиканың қолданбалы бағыты саласында осы зерттеулерін нәтижелі жалғастырады деп сенемін.



Қорқыт Ата атындағы ҚУ «Физика және математика» кафедрасының оқытушысы, математика ғылымдарының магистрі Н.Ә.Исаева
Пікір беруші:

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жолдасбаев Нұрәлі Райымбекұлы «Мектеп курсындағы ауылшаруашылық мазмұндағы есептер» тақырыбындағы дайындаған ғылыми жобасына


Пікір
Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарды, теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де, айырбасталмайтын құралы болып табылады. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, біліктері мен дағдыларының қалыптасуында, математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор.
Оқушылардың мектеп қабырғасында жүріп меңгерген математикалық білім, білік, дағдылары олардың өндірісте өздігінен білім жетілдіруіне негіз болады. Кез келген өндіріс орындарында техниканы, шикізатты, жанар - жағар май, энергия ресурстарын, азық - түліктерді тиімді пайдаланудың және жұмысты тиімді ұйымдастырудың қажеттілігі туады. Осындай көптеген мәселелерді қамтитын күнделікті өмірде жиі қолданатын мазмұнды есептерді шығару баланың ой-өрісін дамытуға септігін тигізумен қатар болашақта мамандық таңдауда және атқаратын қызметінде маңызды роль атқарады деп ойлаймын.

Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Қ.Ж.Изкенов




Пікір беруші:

Мазмұны




  1. Кіріспе




  1. Негізгі бөлім

    1. Математиканың қолданылуының кейбір мысалдары

    2. Ауылшаруашылық мазмұндағы практикалық есептер




  1. Қорытынды




  1. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Еліміздің экономикалық жүйесі шаруашылықты жүргізудің жаңа формалары мен әдістерін стандартты емес экономикалық формулалар мен арақатынастарды енгізу, қолданбалы экономикалық ойлаудың тууы мен қалыптасуына байланысты сапалы өзгерістерді басынан кешіруде. Осыған байланысты экономикалық реформалардың қоятын басты талабы жоғары профессионалды дамыған тұлғаны тәрбиелеу екендігін ескерсек ұсынылып отырған ғылыми жобаның өзектілігі айқын.
Экономикалық соның ішінде ауылшаруашылық мазмұндағы есептерді зерттеу әдетте қарастырылатын объектінің барынша қарапайым математикалық моделін құрастыру мен талдаудан басталады. Бірақ, одан кейін модельді нақтылау, оны объектіге толығырақ сәйкестендіру қажеттігі жиі кезігеді. Бұл әртүрлі себепке байланысты туындайды: барынша дәл келу талабымен, объект туралы математикалық модельде көрсетілуі қажет жаңа ақпарат пайда болумен, бастапқы модельдің қолданылуы шегінен шығатын параметр көлемі ұлғаюымен айқындалады.
Кез келген қоғамда материалды, әлеуметтік, интеллектуалды өндіріс ресурстарының шектеулі саны болады. Сондықтан да қоғамға күнделікті үш негізгі есепті шешуге тура келеді:
1.Қандай тауарлар және қандай көлемде шығарылуы тиіс;
2.Бұл тауарлар қандай үлгіде шығарылуы керек;
3.Бұл тауарлар кім үшін шығарылуы керек.
Қай тауарға сұраныс көп болған болса, сол тауарды өндіруде көбірек пайда табуға болады. Өндірушінің бір ғана өнім түрі емес бірнешеуін өндіруінен ұсыныстың өзгеруі мүмкін. Егер өндірілмеген өніміне баға артатын болса, онда өндірушілер сол өнім түрін шығаруға ұмтылады. Мысалы, компьютерлерге сұраныстың көбеюіне сәйкес көптеген жиһаз шығаратын өнеркәсіп компьютерге арналған жиһаздар шығара бастайды. Осындай қазіргі заман талабына сай өндірістік есептерді тиімді шешуде қолданылатын негізгі математикалық ұғымдарды өзіміз қолданып жүрген математика курсынан іріктеу, мысалдарды қарастыру және оларды шығарумен қатар жаңа есептерді құрастыру жұмыстары жүргізілді.

Негізгі бөлім



    1. Математиканың қолданылуының кейбір мысалдары

Математика – абстрактілі ғылым. Сондықтан оқудың алғашқы күндерінен бастап - ақ сабақтас пәндерден деректер келтіріледі. Мектептің басқа оқу пәндерінен алған білімдерімізге сүйене отырып, өтілетін материалды сапалы түрде меңгеруге тырысамыз.
Математика курсының әрбір тақырыбын оқу барысында айнала қоршаған ортаны танудағы математиканың рөлін дұрыс түсініп және алған білімдерімізді практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру басты қажеттілік.
Математика сабағында пәнаралық есептерді шешу арқылы жаңа жағдайлармен танысып, математикалық теорияларды, есептердің шешімін табуға қолдануды үйреніп, есеп шешуге қатысты жаңа әдістерді немесе математиканың жаңа тарауларын оқып меңгереміз. Басқаша айтқанда, есептерді шешу арқылы математикалық білімі мен білігі дамытылады. Күнделікті өмірге қатысты практикалық есептерді қарастырайық.

Есеп: Екі түрлі өнім шығаратын өнеркәсіптің қуаты күніне 200 өнімнің бірінші түрінен немесе күніне 600 өнімнің екінші түрінен шығарады. Өнеркәсіптің техникалық бақылау бөлімі өнімнің қай түрі болса да күніне 300 - ін тексеруге мүмкіндігі бар. Өнімнің бірінші түрінің құны екіншісінен 2 есе қымбат екені белгілі болса, өнеркәсіпте ең көп түсім беретіндей өнімнің әр түрінен күніне қанша шығару керек.
Жауабы: күніне 450 өнім шығару керек.
Мазмұнды экономикалық есептер шығарудағы басты мақсат: оптимальді шешімдерді табуға арналған есептерді қарастыру; өмірге байланысты қарапайым экономикалық терминдердің (еңбек өнімділігі, сұраныс, ұсыныс, шығыс, өнімнің өзіндік құны, пайда) математикалық мазмұнын ашу.
Бүгін мектепте оқып жүрген жасөспірімдер ертең - ақ маманданған жұмысшы, жеке кәсіпкер иесі. Олар қажетті практикалық дағдылар мен теориялық білімді мектептен оқып үйренгендері тиімді. Жеке кәсіпкер материалды тиімді пішіп, үнемдей білсе және тағы басқа, қыруар пайда тапқан болар еді.
Қазіргі кезде қай жинақ банктеріне барсаңыз да жедел депозиттер таблицалары ілулі тұрады. Олардың бірі жеке тұлғаға, ал екіншісі заңды тұлғаларға арналған. Жеке тұлғаларға арналған жедел депозиттер таблицаларының біріне шолу жасайық.
Жылдық проценттер көлемі Депозиттер көлемі 1 ай 3 ай 6 ай 9 ай 12 ай 100 000 - ға дейін 16 20 21 22 23 100 001 - нан500 000 - ға дейін 17 21 22 23 24 500 000 - нан астам

Таблицаны өз дәрежесінде түсіну үшін төмендегі мәселелерді қарастырдық:


Жай процент - әр жыл (немесе салым мерзімі) өткен сайын жылдың түсімі есепке алынып, келер жылдың түсімі алғашқы салым бойынша есептелінеді.
Күрделі процент – процентті табысқа есептейтін процент.
Кредит үшін процент – кредит (несие) бергені үшін банкілер өндіріп алатын төлем, оның өлшері кредиттің көлеміне, жылдық төлем мөлшеріне, сондай - ақ экономикалық конъюктура факторлеріне байланысты.
Банк – кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос ақша қаржысын тарту мен жинақтауды және төлемдерге делдалдық жасауды (пассив операциялар), сондай - ақ, ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын, қысқа мерзімді кредит беруді, қайтарылатын, төленетін және мерзімі әр түрлі несие беруді (актив операциялар) жүзеге асыратын кредит қаржы мәселесі.

Депозиттер – 1) банкілер мен жинақ кассаларындағы ақша салымдары;


2) клиенттер банкіге қоятын белгілі бір талапты қуалайтын банк кітаптарындағы жазбалар;
3) кредит мекемелеріне сақтауға берілетін бағалы қағаздар (акциялар мен облигациялар);
4) тәуелді, сотқа келуді қамтамасыз ету үшін сот және әкімшілік мекемелеріне ақшалай жарна төлеу;
5) кеден мекемелеріне төленетін жарналар мен баж салықтары мен алымдардың төленуін қамтамасыз ету.
Маркетинг – шаруашылық қызметінің тауарлар мен қызмет жөніндегі тұтынушылар бизнесі және мемлекет сұранысын қанағаттандыратын мақсатын көздейтін түрі.
Материалдық экономика – теориялық экономиканың экономикалық жүйелерде заңдылық пен тиімділікті анықтау үшін математикалық модельдеуді және әдістерді қолданатын бағыты.
Менеджмент – 1) жалдамалы кәсіби басқарушы;
2) өндірістік басқару жөніндегі маман;
3) спортшылардың жаттығуын, жарысын, т. с. с. ұйымдастыратын кәсіби спорттағы іскер адам.
Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудың маңызы, оның материалдық - техникалық базасын нығайтудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы, еңбекшілердің материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен рөлі өте зор. Себебі, ғылымдар жүйесінде математика айрықша орын алады. Математиканың ерекшелігі – оның қолданылымының әмбебаптығы.
Қазіргі кезде ғылымның барлық дерлік салаларында математикалық әдістерді қолдану қажетті шартқа айналды. Ол өмір талабынан, ғылыми - техникалық прогрестік дамуынан туындайды. Кез келген ғылымдағы объектіні зерттеу үшін математикалық модельдеу әдісін қолданады.
1.2. Ауылшаруашылық мазмұндағы практикалық есептер

Табиғаттағы құбылыстар мен өзгерістерді зерттеумен, табиғаттың рухани және материалдық байлықтарын ұқыпты игеруде өлшеп, есептеп, саралап алмай мәселені шешуге тіптен болмайтыны өзінен - өзі белгілі. Міне, осы кезде математиканың табиғаттағы, адам өміріндегі рөлі айқындалады.
Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын есептерді айтамыз.
Бұндай есептер берілген пәннің сабақтарында әртүрлі мақсаттармен қолданылады: сыбайлас пәндерден алған білімдерін қолдану және бекіту үшін; бағдарлылық білімдер мен біліктерді қалыптастыру үшін; оқытылып отырған пәннің тарихы бойынша білімді кеңейту үшін, т. б. Осы тұрғыдан алғанда «Математика - 5» оқулығында практикалық мазмұнды есептер күнделікті өмірдің сан қилы қырларын қамтыған: ұжымдық шаруашылық, егіс алқабына егіс егу, түсім алу, жер жырту, мұнай өндіру, ұн тарту(диірменмен), жинақ кассаларының амалдары, киіз үй, оның бөліктері(атаулары) т. б.
Қолданыстағы пәнаралық есептер төменгі шарттарды қанағаттандыруы керек:
1. Нақты математикалық материалдың баяндалуын бұзбауы керек, керісінше, оны ұғынуға көмектесу керек;
2. Оларды шығару процесінде қолданылатын фактілер мен әдістердің мазмұны бойынша мектептік бағдарламаларға және оқулықтарға сәйкес болуы керек;
3. Түсінікті тілде тұжырымдалуы керек.
Осы шарттарды қанағаттандыратын есептерді шығарылуымен ұсынамыз.

  1. Фермер 140 гектар жердің 91 гектарына картоп екті. Фермер жердің неше процентіне картоп екті.

Шешуі: 140 га- 100℅
91 га - ? ℅
Есепті шешу үшін 91 га аудан 140 га жердің неше проценті екенін табу керек:

  1. 91 га аудан 140 гектардың қандай бөлігі?



  1. Фермер жердің неше процентіне картоп екті?

0,65=(0,65·100)%=65%


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет