Жауабы: 65%- ына Жер учаскесінің 60%-ына қарабидай, қалған бөлігіне бидай егілген. Егер бидай қарабидайға қарағанда 144 га жерге аз егілсе, әрқайсысы қанша гектар жерге егілген?
Шешуі: Барлық егілген жер көлемін х деп алайық. 0,6 х жерге қарабидай, 0,4х жерге бидай егілген. Есептің шарты бойынша:
0,6х=0,4x+144
0,2x=144
x=720 (га)
Қарабидай егілген жер 0,6х=432 (га)
Бидай егілген жер 0,4х=288 (га)
Жауабы: 432 га, 288 га Шаруашылық бірлестігіндегі әрбір 34 бас малдың 14-і сиыр. Жалпы мал басы 272. Әрбір 16 сиыр 25 га жайылымдық жердің шөбін жейді. Шаруашылық бірлестігіндегі барлық сиыр неше неше гектар жердің шөбін жейді?
1) Бірлестіктегі жалпы сиыр саны қанша екенін табайық.
34х=3808
x=112 (сиыр)
2) Енді осы сиырлардың қанша гектар жердің шөбін жейтінін табайық.
16 сиыр -25 га
112 сиыр –х га
16x=2800
x=175 (га)
Жауабы: 175 га 2 гектар жерге қант қызылшасы егіліп, одан 700 центнер өнім алынды.
7 га жерден неше тонна қант қызылшасы алынады?
Неше гектар жерден 280 тонна қант қызылшасын алуға болады?
Шешуі: 2 га -700 ц
7 га – х ц
2x=4900
x= 2450 (ц)
2450 ц=245 т
Жауабы: 245 тонна 2) 2 га – 70 т
х га – 280 т
70x=560
x=8 (га)
Жауабы: 8 гектар Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76 %-ын жыртқанда, 8,4 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жерді жыртуға тиіс еді?