Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары Пән: Қазақстан тарихы Бағыты



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата14.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#101301
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
«Қазақстан – 2030» 
Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының 
артуы 
(үзінді) 
3-
ұзақ мерзiмдi басымдық: Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары
дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу 
Экономиканың өзi тұрақсыз дамудың аралық кезеңiнде тұрғанда, мемлекеттiң 
реттеушi рөлi мен араласуы бара-бар болуға тиiс. Жаңа әлемдiк экономикалық үлгiлерге 
сай болу үшiн бiз мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгi мен сапасын едәуiр көтеруге
жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және 
олардың белсендiлiгiн арттыруға тиiспiз. 
...Бiрiншi Азиялық Барыс болу үшiн бiздiң басымдықтарымыздың қатарына 
макроэкономикалық көрсеткiштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық 
тәжiрибе енгiзілуге тиiс. 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970002030
сайтынан алынған 
[10] 
3) 
«ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары ұлт-азаттық күрестің жаңа 
сапалы формасын, саяси түрін қалыптастырды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты 
келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. 
[15] 
 
 
 
 


 
Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары 
Пән: 
Қазақстан тарихы
 
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны 
Білім беру ұйымының атауы:___________________________ 
Сынып: 11 Литер:___ 
Білім алушылардың аты-жөні___________________________ 
 
 
 
№ 15 билет 
 
1) 
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жетістіктерін сипаттаңыз. 
[5] 
2) 
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, тәуелсіздік алғаннан кейін 
Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз. 
 
Қазақстан Республикасы 1990 жылдары күрделі нарықтық өзгерістерді басынан кеше 
отыра, экономикалық дербестікке ие болды, әлемдік және аймақтық үдерістердің 
белсенді қатысушысы атанды. 2000 жылдары дағдарысқа дейінгі кезеңде оның 
дамуының оң факторлары байқала бастады: ІЖӨ өсімі, төмен деңгейдегі инфляция
тұрақты банк жүйесі, дамыған инфрақұрылым, инвестиция мен өмір сүру деңгейінің өсуі. 
Бұның бәрі оң тәжірибе мен туындаған мәселелерді шешуге ықпал етті. 
Қазіргі экономикалық шындықтар мынадай, экономика саласындағы мемлекеттің 
интенсивті қызметі нарықтық реформалар мен жекешелендіруді жүргізу үшін емес, 
ғаламдық экономикалық және қаржы дағдарысының салдары жағдайында ұлттық 
экономиканы күшейтуге бағытталып отыр. Екіншіден, дағдарыстан кейінгі 
экономикалық дамуға тиімді жағдайлардың барлығы дерлік қалыптасқан. 
Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық басылым/
Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов. – Алматы: Атамұра, 2014 
[10] 
3) 
«Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктері көшпелі 
өркениетпен тығыз байланысты дамыды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? 
Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. 
[15] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет