Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары Пән: Қазақстан тарихы Бағыты



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата14.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#101301
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
 
 
 
 


 
Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары 
Пән: 
Қазақстан тарихы
 
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны 
Білім беру ұйымының атауы:___________________________ 
Сынып: 11 Литер:___ 
Білім алушылардың аты-жөні___________________________ 
 
 
 
 
№18 билет 
 
1) 
Отырықшылар мен көшпелілер арасындағы шаруашылық және сауда қарым-
қатынастарының ерекшеліктерін сипаттаңыз. 
[5] 
2) 
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақтардың ру-тайпалық 
құрылымын түсіндіріңіз. 
Қазақ рулары туралы 
«Кіші жүз қазақтарын сипаттау. Күшті руы – Алшын, ал Алшын екіге бөлінеді: 
Қаракесек және Байұлы болып. Қаракесек бәрінен де күшті, алты ру, атап айтсақ: Шекті, 
Қаракесек, Шөмекей, Төртқара, Қаракете, Қарасақал. Осы алты рудың билігі Әбілқайыр 
ханда болды. Кіші жүз екі Борсықта, Ор өзенінің жоғары бастауында, Елек пен Жем 
бойында, Жайық қаласынан Жайыққа құятын өзендердің жағасында, Гурьев пен Каспий 
теңізіне дейінгі жерлерде көшіп жүреді... 
Орта жүзде күшті ру – Арғын, құрамында он алты ру бар. Бұл рулардың басшылары 
– 
Барақ сұлтан мен Абылай сұлтан. Орта жүзде Найман құрамында он бір ру бар. 
Қыпшақ тоғыз рудан тұрады. Орта жүзде Уақ пен Керей Кіші жүздің Жетіруы сияқты 
Тәуке ханның кезінде қосылған. Орта жүз Тобыл мен Есіл өзендерінің бойында, Ертіс 
өзенінің жоғарғы ағысында, Көкшетау маңында көшіп жүреді... 
Ұлы жүзде он ру бар. Барлығы да Үйсін аталады. Ұлы жүзде ең күшті ру – Қоңырат... 
 
Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2003.
[10] 
3) 
«ХХ ғасырдың 20-80 жылдары Қазақстан ғалымдары техника және 
жаратылыстану ғылымдарының дамуына зор үлес қосты». Сіз бұл пікірмен 
қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер 
келтіріңіз.
[15] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет