|
Тест тапсырмалары
|
|
Саясаттанудың зерттеу пәні:
адамның сөз бостандығы мен діни ой-тұжырымдары;
қоғамның саяси өмірі, оның мәні мен даму заңдылықтары;
қоғамның рухани болмысы;
қоғамдық сана формалары;
өнегелік тәрбие педагогикасы.
|
|
Саясаттанудың басты қызметтері:
дүниетанымдық, танымдық, әдіснамалық, болжамдық, аксиологиялық, реттеушілік.
практикалық, риторикалық, прагматикалық;
прагматикалық, аксиологиялық, эманациялық;
реттеушілік, консервативтілік, идиомалық;
әдістемелік, басымдық, толеранттылық.
|
|
Саясат субъектілері:
көшпенділер, отырықшы мәдениеттер, билер;
саяси қызметті іске асыруға қатысатын жеке тұлғалар, топтар, партиялар, мемлекеттер, саяси институттар;
тұлғалар, әншілер, бишілер, саяси партиялар;
идеологтар, прагматиктер, теоретиктер, археологтар;
мүсіншілер, саясаттанушылар, музыканттар.
|
|
Саясат дегеніміз:
қоғамның саяси өмірін діни қағадаттар бойынша басқару жүйесінің консервативті үлгісі;
қоғамның саяси жүйесінің құрамдас элементтерін бір-бірінен аластату, өзараәрекеттестігіне тыйым салу;
қоғамның өмірін ұйымдастыру – басқарушылық саласы, үлкен әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттар мен мемлекеттердің арасындағы қатынастарды қамтитын қызмет саласы;
патриархалды қоғамның бір көрінісі;
мінсіз идеалды қоғамның дістүрден тыс қалыптасқан архаикалық формасы.
|
|
Саясатты дұрыс және тиімді жүзеге асырудың аса маңызды әдіс-тәсілдері:
қару-жарақ, тренинг, бағдарлау, мифология, діни наным-сенімдер, сенімсіздік;
миф, логос, абсолют, заң, қорғаныс, құдалау, жаңашылдыққа жол бермеу;
инновация, архаизм, прогресс, билер соты, әрекетсіздік;
легитимділік, заң, жарлық, бұйрық, өкім, жарғы, бағдарлама, бедел, күш;
эмоция, міңез-құлық, жанжал, соғысу, инфляция.
|
|
Әл-Фараби өзінің шығармаларында қандай қала-мемлекеттердің типтерін көрсетті?
қайырымды және қайырымсыз;
егеменді және тәуелді;
консервативті және архаикалық;
рационалды және теологиялық;
нормативті және инновациялық.
|
|
Әл-Фарабидің негізгі шығармасы:
«Құдай қаласы туралы»
«Жаңа Органон»
«Қайырымды қала тұрығындары жайлы»
«Геология жиынтығы
«Диуани Лұғат-ат-Түрік».
|
|
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы ең жоғарғы құндылық:
адам мен адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары;
ғылым және техниканы дамыту;
саяси-технологиялық құндылықтар жүйесі;
нормативті заң актілері;
қоғамдық жаңғыру үлгілері.
|
|
Қазіргі заманғы Қазақстанның саяси құрылысы:
Абсолютті монархия;
Президенттік басқару түрі бар унитарлық мемлекет;
Шығыс деспотиясы;
Патриархалды саяси жүйе;
Діни ұстанымдарға негізделген әлеуметтік жүйе.
|
|
Саяси режимдердің мынадай типтері белгілі:
диктаторлық, мейірімді, тұлғалық;
рационалды, логикалық, әдістемелік;
тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық;
авторитарлық, балалық, террорлық;
демократиялық, пессимистік, абсолюттік.
|
|
Құқықтық мемлекет дегеніміз:
Азаматтардың мүдделері қорғалған және заңның үстемдігі қамтамасыз етілген мемлекет;
Ортағасырларда қалыптасқан саяси идея;
Қоғамның архаикалық формасы;
Диктатураны қолдайтын заң жүйесі;
Азаматтардың сөз бостандығы мен таңдау құқығын шектеу.
|
|
Жаһандану жағдайындағы Қазақстан үшін аса маңызды мәселелердің бірі:
ғарышты игеру;
гуманитарлық ғылымдарды дамыту;
өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу;
ұлттық дизайынды дамыту;
баспаханаларды жаңғырту.
|
|
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты:
бірвекторлы;
еківекторлы;
бірмағыналы;
бейсаналы;
көпвекторлы.
|
|
Қазақстан Республикасы БҰҰ-на қай жылы мүше болды?
1992 ж.
2001 ж.
1996 ж.
1998 ж.
2018 ж.
|
|
Референдум – бұл:
мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша шешiм қабылдауды жалпы ұлттық дауысқа салу;
ұлтаралық келісім шарты;
пікір-талас алаңы;
ғылыми тұжырымдамалардың жинағы;
либералды саяси жүйенің кемшіліктері.
|
|
Либерализм идеологиясының негізін қалаушы:
Г. Спенсер
Ж. Боден
Г. Тард
Дж. Локк
Э. Гидденс.
|
|
«Афиналық полития», «Этика», «Риторика» трактаттарының авторы:
Платон
Маркс
Аристотель
Гроций
Гегель.
|
|
Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тек қана монархқа тиесілі мемлекет формасы:
Тоталитаризм
Либерализм
Абсолютизм
Тимократия
Меритократия
|
|
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдады:
1920 жыл
1930 жыл
1940 жылы
1948 жылы
1954 жылы
|
|
Белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін бейнелейтін түсініктердің тұжырымдалып рәсімделген жүйесі:
Конституция
Идеология
Манифест
Конвенция
Патернализм
|
|
Көпшілік дауысқа ие кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесінің түрі:
пропорционалды
мажоритарлық
аралас
миноритарлық
диспропорционалды.
|
|
Билікті ұйымдастыру және жүзеге асыру принципі, оған сәйкес ол заң шығарушы, сот және атқарушы органдарға бөлінеді:
Заң Үстемдігі принципі;
Билікті бөлу принципі;
Жеке тұлға мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидаты;
Азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы қағидаты;
Көппартиялылық принципі.
|
|
Утопиялық социализм теориясының негізін қалаушы, «Утопия» еңбегінің авторы:
Т. Кампанелла
Т. Мор
Ж. - Ж. Руссо
А. Радищев
О. Конт
|
|
Егемендік тұжырымдамасының авторы, абсолютизм идеологы:
Д. Локк
Т. Хоббс
Ж. Боден
Э. Берк
М. Вебер
|
|
Қолданыстағы әлеуметтік-саяси тәртіпті қабылдамау:
Компромис
Консенсус
Конформизм
Нонконформизм
Деидеологизация
|
|
Қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы:
А. Құнанбаев
И. Алтынсарин
Ш. Уәлиханов
Шортанбай
Ш. Құдайбердиев
|
|
Саясаттануға жүйелі тәсілді енгізген автор:
Ф. Хайек
Р. Арон
А. Бентли
Д. Истон
Г. Алмонд
|
|
Қоғамдық жүйені мемлекет пен азаматтық қоғамға бөлетін саясат тұжырымдамасы:
либерализм
анархизм
тоталитаризм
мистицизм
консерватизм
|
|
Азғана бай адамдардың шағын тобының билігі:
Ақсүйектер
Хунта
Меритократия
Эмансипация
Олигархия
|
|
Гоббс бойынша мемлекеттің билігі ... салдары болып табылады:
1,Қоғамдық шарт
2,Этикалық келісім
3,Діни сенім
4,Экономикалық қатынастар
5, Зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу
|
|
Мандаттар белгілі бір партия үшін сайлаушылар берген дауыстардың пайызына сәйкес кандидат партиялар арасында бөлінетін сайлау жүйесінің түрі:
пропорционалды
мажоритарлық
аралас
миноритарлық
диспропорционалды
|
|
Популистік көңіл-күйді примитивті түрде қолданатын әлеуметтік-саяси топтың билігі:
Охлократия
Полития
Аристократия
Тимократия
Олигархия
|
|
Елдегі саяси билік діни қызметкерлердің қолында шоғырланған басқару түрі:
теократия
тимократия
теология
охлократия
ақсүйектер
|
|
Билікті оң бағалау, оның заңдылығын мойындау, басқару құқығы және бағынуға келісім беру:
патернализм
легитимділік
пацифизм
нигилизм
трюизм
|
|
Билік жүйесін қалыптастырудың демократиялық тәсілдерінің әділдігін мойындау нәтижесінде пайда болатын легитимділік түрі (М. Вебердің айтуы бойынша):
рационалды (демократиялық)
дәстүрлі
харизматикалық
аспаптық
нормативтік
|
|
Көшбасшылықтың (лидерліктің) қандай тұжырымдамасы оның мәнің жеке тұлғалардың керемет қасиеттерімен түсіндіреді:
Дара қасиеттер теориясы
Ситуациялық
Алмасу теориясы
Авторитарлық
Тарихи
|
|
Қолданыстағы Конституция қабылданды:
1991 жылы
2022 жылы
1995 жылы
1993 жылы
2016 жылы
|
|
Төменде келтірілген пайымдаулардың қайсысы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді?
ҚР Үкіметі - биліктің жоғары өкілетті органы
Үкіметті парламент ығыстыра алмайды
Үкімет заңдар қабылдайды
Үкімет - Конституция мен қолданыстағы заңдар шеңберінде қаулылар қабылдайтын атқарушы орган.
Үкімет Парламенттің сеніміне немесе сенімсіздігіне немқұрайлы қарайды.
|
|
ҚР-да жергілікті атқарушы билік органдары болып табылады?
Әкімдіктер
Мәслихаттар
Облыстық және қалалық соттар
Үкіметтік емес ұйымдар
Саяси партиялар.
|
|
Соғысқа қарсы қозғалыс, оның жақтастары соғысқа қарсы:
Пацифизм
Гедонизм
Консерватизм
Оппортунизм
Популизм.
|
|
Жеке тұлғаның саяси білімді, белгілі бір саяси мәдениеттің нормалары мен құндылықтарын игеру процесі:
саяси аккультурация
саяси жұмылдыру
саяси сәйкестендіру
саяси трансформация
саяси стратификация
|
|
Саяси институттарға белгілі бір көзқарасты қалыптастыру үшін оларды азаматтардың санасына енгізу мақсатында идеяларды тарату:
Прозелитизм
Насихаттау (пропаганда)
Транспаренттілік
Коммуникация
Коллаборация.
|
|
Әр түрлі мүдделер мен олардың бәсекелестігін мойындауға негізделген қоғамды ұйымдастыру принципі:
Консенсус
Дәстүршілдік
Діни сенім
Толеранттылық
Плюрализм
|
|
Саяси ұйымдасқан қоғамды белгілеу үшін «мемлекет» (stato) терминін бірінші болып кім қолданды?
Т. Хоббс
Д. Локк
Н. Макиавелли
Ж. Боден
Д. Дидро
|
|
Тепе-тендік принципі бойынша саяси өмірді ұйымдастыру қажеттілігін уағыздайтын тұжырымдама:
Трайбализм
Эгалитаризм
Трансформация
Конвенция
Консолидация
|
|
Бұл саяси жүйенің құрамындағы субъектілер өздерінің егемендігін сақтай отырып, мемлекеттік бірлестіктің басқа мүшелерімен қызметін үйлестіру үшін өкілеттіктердің бір бөлігін орталық билік пен басқару органдарына өз еркімен ұсыну мемлекетаралық құрылыс формасы:
бауырластық
конфедерация
одақ
республика
федерация
|
|
Мемлекеттің пайда болуын өндірісті дамытумен, әлеуметтік және мүліктік жіктеуменен, қоғамдық еңбек бөлінісімен түсіндіретін тұжырымдама:
зорлық-зомбылық теориясы
әлеуметтік-экономикалық
теократиялық
органикалық
шарттық
|
|
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері қандай?
сөз бостандығы, дінді таңдауға тыйым салу, азаматтық қоғамның болмауы;
сөз бостандығы, діни сенім бостандығы, азаматтық қоғам, жеке адам құқығының басымдығы, көппартиялық және ой-пікір плюрализмі, еркін таңдау, билікті үш тармаққа бөлу;
заң, мемлекеттің басымдығы, бір партиялылық, сөз бостандығы;
діни бостандық, парламент, озбырлық;
тоталитаризм, авторитаризм.
|
|
Мемлекеттің белгілері:
орталық және жергілікті билік органдары, салық, территория, әскер, полиция, сот және т. б.;
әскер, сот, бизнесмендер;
салық, мәдениет, полиция, әскер;
билік, партия, қоғамдық ұйымдар;
заңдар, аумақ, саяси режим.
|
|
Құрамына кіретін құрылымдардың (штаттар, жерлер және т. б.) белгілі бір дәрежеде дербестігі мойындалатын мемлекеттік-аумақтық құрылыс формасы:
конфедерация
унитарлық мемлекет
республика
федерация
монархия
|
|
Ойдан шығарылған, ғылыми негізделмеген, шынайы өмірде жоқ, жүзеге асыру мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз қоғамдық өмірдің бейнесі:
Коммунизм
Патриархалдық қауым
Жалпы әл-ауқатты қоғам
Діни секта
Утопия.
|
|
Саяси билікті конституциялық жолмен жүзеге асыру тәртібімен ерекшеленетін саяси режимі қалыптасқан мемлекет түрі:
зайырлы
әлеуметтік
құқықтық
әскери
тоталитарлық
|
|
XVII-XIX ғасырлардағы қандай ілімде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы қалыптасты?
либерализм
консерватизм
утопиялық социализм
анархизм
социал-реформизм
|
|
«Саяси режим» ұғымы нені білдіреді?
демократия, қоғамдағы сөз бостандығы;
террор және қоғамдағы зорлық-зомбылық;
мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы;
мәдени және әлеуметтік институттарды дамыту жүйесі;
мәдени-құқықтық саясат.
|
|
Бұл мемлекеттік жүйе орнаған жағдайында қоғамнық барлық салалары мен жеке тұлғаның өмірі биліктің жаппай бақылауында болады, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады:
Демократия
Авторитаризм
Либерализм
Бюрократия
Тоталитаризм
|
|
Ұлтшыл - социализм тоталитаризмнің бір түрі ретінде пайда болды:
1933 жылы Германияда
1922 жылы Италияда
1928 жылы Испанияда
1912 жылы Қытайда
КСРО-да 1937 ж.
|
|
Фашизм тоталитаризмнің бір түрі ретінде пайда болды:
1933 жылы Германияда
1922 жылы Италияда
1928 жылы Испанияда
1912 жылы Қытайда
1938 жылы Жапонияда
|
|
Авторитарлық мемлекеттің негізгі белгілері:
сөз бостандығы, дін, жариялылық, таңдау, плюрализм;
таңдау құқығының шектелуі, сөз бостандығының шектелуі, басудың дамыған жүйесі (армия, соттар, полиция), бюрократия, бір көшбасшы;
террор, диктатура, республика;
жеке құқықтардың басымдығы, сөздің, бостандықтың толық шектелуі;
жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі, азаматтық қоғам, көппартиялық.
|
|
Аристотельдің пікірінше, барлық ғылымдар мен өнердің ішіндегі ең маңыздысы:
Философия
Этика
Эстетика
Риторика
Саясат
|
|
Көппартиялылықты, биліктің бөлінуін, заңды оппозицияның болуын, көпшілік пікірін мойындауды көздейтін мемлекеттік саясат принципі:
пассионарлық
пацифизм
этатизм
тоталитаризм
плюрализм
|
|
Авторитаризм теориясының негіздерін қалады:
Ж. де Местр, Л. де Бональд
Ш.-Л. Монтескье, Ж.-Ж. Руссо
А. Токвиль, Дж. Локк
Р. Михельс, М. Острогорский
Г. Моска, В. Парето.
|
|
Абсолютизм идеологы Ж. Боден (1530-1596) «Мемлекет туралы 6 кітап» еңбегінде ... тұжырымдаманы баяндады:
Егемендік - мемлекеттің абсолютті және бөлінбейтін билігі ретінде;
Мемлекеттің құдайдан шыққан тегі;
Зорлық-зомбылық мемлекеттің пайда болуының алғышарты ретінде;
Қоғамдық шарт;
Адамдардың табиғи теңсіздігі.
|
|
Демократиялық мемлекеттің негізгі принциптері қандай?
тұлғаның басымдығы, тоталитаризм, авторитаризм;
жеке құқықтардың басымдығы, биліктің 3 тармаққа бөлінуі, саяси биліктің сайлануы, плюрализм;
әскери диктатура және жеке құқықтарды басу;
сөз, баспасөз бостандығы, діни ұйымдарға тыйым салу, бір партиялылық;
көппартиялық, авторитарлық басқару, сайлауға тыйым салу.
|
|
Партия - бұл:
еңбек процесінде олардың мүдделерінің ортақтығына негізделген және өз мүшелерінің өмір сүру жағдайлары мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған жалдамалы жұмысшылардың жаппай қоғамдық ұйымы;
қауымдастық түрі, белгілі бір психологиясы бар адамдардың тарихи пайда болған әлеуметтік-экономикалық және рухани бірлігі;
билік үшін немесе билікті жүзеге асыруға қатысу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым;
саяси қауымдастық;
моральдық-саяси одақ.
|
|
Саяси партиялардың (аристрократтар тобы, саяси клуб, бұқаралық партия) үш тарихи формасын анықтаған ғалым:
Э. Бернштейн
Р. Арон
А. Бентли
М. Вебер
Р. Даль
|
|
Саяси құбылыстарды белгілі бір адамдардың мінез-құлқы арқылы қарастыратын саясаттанудағы мінез-құлық тәсілі:
Бихевиоризм
Гуманизм
Аскетизм
Антропоцентризм
Натурализм
|
|
Партиялық жүйе - бұл:
барлық партиялардың жиынтығы;
партиялар мен мемлекет арасындағы қатынастар жүйесі;
партияның билікті жүзеге асыру жүйесі ;
өкілді мекемелер жүйесі;
лоббистік топтар.
|
|
Қоғамның өмірін ұйымдастырудағы мемлекеттің басым рөлін бекіту:
Эгалитаризм
Этатизм
Элитаризм
Этнократия
Этноцентризм
|
|
Парламенттік, президенттік немесе жергілікті сайлауда кез-келген саяси партияға дауыс беретін сайлаушылар қауымы саясаттану ғылымында қандай терминмен белгіленеді:
әлеуметтік топ
элита
люмпендер
азаматтар
электорат.
|
|
Көппартиялық қандай режимге сипат?
демократиялық режимге
тоталитарлық режимге
монархиялық режимге
фашистік режимге
консервативті режимге
|
|
Билік үшін күресетін партиялардың санына байланысты партиялық жүйенің жіктелуі:
жұмысшылар мен шаруалар
тұрақты және коалициялық
бір партиялы, екі партиялы, көп партиялы
билеуші және оппозициялық
заңды және заңсыз
|
|
«Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қай жылы қабылданды?
1992
1994
1996
1998
2000
|
|
Қазақ хандығының құрылған жылы:
1718
1465
1847
1500
1991
|
|
Жоғарғы билік парламентке немесе президентке тиесілі басқару формасы:
Монархия
Республика
Анархия
Тимократия
Теократия
|
|
«Саяси мәдениет» терминін кім енгізді?
X. Вайнер және Г. Алмонд
И. Гердер
С. Верба
М. Вебер
Г. Моргентау.
|
|
Қазақстан Республикасының Парламентінде екі палата бар:
Конгресс және Мәжіліс
Сенат және Мәжіліс
Мәжіліс және Мәслихат
Сенат және Конгресс
Сенат және Әкімдік
|
|
Жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерін ішкі және сыртқы қауіптерден қорғау жағдайы, мемлекеттің өзінің егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау және халықаралық құқық субъектісі ретінде әрекет ету қабілеті:
ұлттық өзін-өзі анықтау
ұлттық мәселе
ұлттық өзін-өзі тану
ұлттық қауіпсіздік
ұлттық қызығушылық
|
|
Қазіргі әлемде барлық адамдар ... заңды қарамағында:
Солтүстік атлантикалық блоктың
Біріккен Ұлттар Ұйымының
Егеменді мемлекеттің, оның азаматтары ретінде
ЕҚЫҰ
Халықаралық Валюта Қорының
|
|
Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінің типі:
бір партиялы
бір басым партиясы бар көппартиялық
екі партиялы
басым партиялары жоқ көппартиялық
көппартиялық
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс түрі:
конфедерация
федерация
унитарлы
теократиялық
монархия
|
|
ҚР Конституциясына сәйкес Жоғарғы Соттың судьялары тағайындалады:
Сенатпен
Үкіметпен
Президентпен
Мәжіліспен
Конституциялық Кеңеспен
|
|
ҚР Үкіметі құрылады:
Президентпен
Сенатпен
Жоғарғы Сотпен
Конституциялық Кеңеспен
Мәжіліспен
|
|
Қалыптасқан дәстүрді дәріптейтін, дәстүрлі құндылықтар мен тәртіпке негізделген саяси идеология:
Либерализм
Социал-демократия
Консерватизм
Коммунизм
Анархизм
|
|
Қазақ ойшылы, «Түркістан Кеңестер билігінің қол астында (пролетариат диктатурасының сипаттамасына)» кітабының авторы:
А.Байтұрсынов;
Т.Рысқұлов;
А.Бөкейханов;
М.Шоқай;
М.Дулатов.
|
|
Ішкі жəне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау дегеніміз?
Монархия
Милитаризм
Меморандум
Метрополия
Мораторий
|
|
Қожа Ахмет Иассауи «Диуани Хикмет» еңбегінде нені жырлайды.
өркендеуді
қанағат
шындыққа ұмтылу
əділдікті, имандылықты
заң туралы
|
|
Қазақ халқына мəңгілік мұра қалдырған, аты аңызға айналған ақын, жырау:
Асан Қайғы Сəбитұлы
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни
Қожа Ахмет Йассауи
ЬІ. Алтынсарин
Томас Мор
|
|
Халықаралық қатынастардың басты субъектілері:
қауіпсіздік, жаһандық
мемлекет пен халықаралық ұйымдар
жаһандық
қауіпсіздік, мемлекет
халықаралық ұйымдар
|
|
Қай ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пəн ретінде толық бөлініп шықты.
IX ғ
VI ғ
XX ғ
X ғ
XII ғ
|
|
Қазақстанда саясаттану оқытыла бастады:
1890 жылдан бастап
2000 жылдан бастап
1885 жылдан бастап
1990 жылдан бастап
1781 жылдан бастап
|
|
Саясатқа, саяси іс-əрекетке, қайраткерге қарсылық көрсету; билік етуші элитаға қарсы тұру.
Оппозиция
Олигархия
Одақ
Нонсенс
Меморандум
|
|
Халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы.
Абсентеизм
Аккредитация
Атқарушы билік
Ассоциация
Агрессия
|
|
Қожа Ахмет Иассауидің басты шығармасы:
«Қасым ханның қасқа жолы»
«Есім ханның ескі жолы»
Тəуке ханның «Жеті жарғысы»
«Диуани Хикмет»
«Халық кеңесі»
|
|
Жаңалық енгізу, жаңарту:
Инновация
Идеялылық
Иерархия
Имидж
Иммиграция
|
|
Демократия пайда болды:
Грекияда
Римде
Вавилонда
Афинада
Қытайда
|
|
«Саясатпен жұртың заңын түзетер» деген қазақтың қай ойшылы?
Әл-Фараби
Жүсіп Баласағұн
Тоныкөк
Қорқыт
Ахмет Яссауи
|
|
Жоңғарияға елшілікке барған қазақтың қай биі?
Төле би
Майқы би
Әнетби
Қазыбек би
Әйтеке би
|
|
Қазақ жерінен көне Грекияға мемлекет басқару өнерін үйрену үшін барған ғұлама ойшыл:
Әл-Фараби.
Қорқыт.
Баласағұн.
Асан қайғы.
Анақарсы.
|
|
Демократия:
Жалпыға бірдей бостандық
Азшылықтың көпшілікке бағынуы
Заңдардың басымдылығы
Бостандық
Заңдарға негізделген бостандық
|
|
«Платон маған дос, бірақ шындық одан қымбаттырақ» деген кім?
Сократ.
Цицерон.
Демокрит.
Аристотель.
Плутарх.
|