ІІ. Негізгі бөлім
І тарау
Көне түркі ескерткіштері
ІІ тарау
Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері
Қорытынды
Кіріспе
Ғылыми жұмыстың өзектілігі:
«Ешкім сызып тастай алмайтын, ешкім жоққа шығара алмайтын» (О. Сүлейменов) аса құнды тарихи құндылықтардың бірі, қилы-қилы замандар өтсе де өшпей, өлмей, бүгінгі күнге жеткен, бүкіл түркі әлемінің рухын көтеріп, ұлылығын танытып отырған ескерткіштердің бірі – көне түркі ескерткіштері. Жазба мәдениетіміздің куәсі болған бұл ескерткіште ата-бабаларымыздың қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің ерлік шежіресі сақталған.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қол жеткізу арман болған осынау көненің көздерін тану, білу, бағалау жас ұрпақ санасына сіңіру жұмысымның мақсатын айқындайды.
Түркі қағандығының ел құраған қайраткерлері мен ел қорғаған қолбасылары Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегіннің ерлікі стері ескерткіш тілінде ерлікті, туған жер, атамекенді сүюді ұлығылайтын мол дүние деп есептейміз.
Әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген көне түркі ескерткіштерінің ерекшеліктерін білу, зерттеу-өскелең ұрпақтың – біздің басты мұратымыз, жазып қалдырар тарихымыз болмақ деп білемін. Жазба мәдениетіміздің бастауы болған өзімізді қызықтырған көне түркі ескерткіштерінің сырына терең үңіле отырып, бұл тақырып төңірегіндегі зерттеу жұмыстарына өз үлесімді қосуды мақсат еттім. Сондықтан да өз зерттеулеріміздің өзектілігі мен қажеттілігін ескере отырып, оның бүгінгі заманда өзекті тақырып болатынына сенім білдіремін. Осыған байланысты көне түркі ескерткіштерінің мәтінімен толық таныса отырып, ондағы сөздердің байланысу түрлеріне талдау жасап, зерттемекпін. Ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы да осыған сәйкес «Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері» деп аталады.
Ғылыми жұмыстың зерттеу деңгейі:
Бұл тақырып бойынша В. Радлов, В. Томсен, П. Мелиоранскийден басқа көне түркі руникалық жазуын зерттеу ісіне үлкен үлес қосқандардың қатарында В. Бангті, Г. Рамстедті, А. Мнокті т.б. бастауы болып саналатын көне жазбаларды зерттеуде қазақстандық ғалымдарымыздың Ғ. Айдаров, М. Жолдасбеков, А. Аманжолов, Өміралиевтердің де еңбегі ерекше.
Ғылыми жұмыстың зерттеу мақсаты:
Ұрпаққа ұлағат болатын көне түркі ескерткіштерінің тарихын тану, оның тілдік ерекшеліктеріне, рухани мазмұнына лайық баға беру.
Ғылыми жұмыстың болжамы:
Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері туралы түсініктер мектеп бағдарламасынан түбегейлі орын алса, көне мәдениетіміздің рухын асқақтатып, жас ұрпақ санасына сіңіруде үлкен рөл атқарар деген ойдамын.
Ғылыми жұмыстың зерттеу кезеңдері:
Көне түркі ескерткіштері — әлемдік мәдениеттің байлығы, елдік пен ерліктің ерекше ескерткіштері, жазба мәдениеттің бастау бұлағы.
Ғылыми жұмыстың зерттеу әдісі:
Көне түркі ескерткіштеріндегі жазу мазмұнының негізгі арқауы – атамекенге, туған елге деген шексіз сүйіспеншілік туын көтеру.
Ғылыми жұмыстың зерттеу жаңалығы:
Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлерінің зерттелу тарихын жүйелі баяндап, оның әлем тарихындағы маңызы терең талданған.
Ғылыми жұмыстың теориялық, практикалық маңызы:
Көне түркі ескерткішінің мазмұндық мәнін ашу, зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, ондағы сөздердің байланысу түрлерін мысалдар арқылы дәлелдеу.
Ғылыми жұмыстың құрылымы:
Жұмыс мақсатына сай құрылған кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында қосымшалар, пайдаланылған әдебиеттер берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |