Қорытынды Кіріспе Ғылыми жұмыстың өзектілігі



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі29,79 Kb.
#11538
1   2   3   4
Байланысты:
коне турик

Қорытынды 

Көне түркі руникалық мәдениетінің біздің заманымызға дейін сақталып жеткен тас үстіндегі жазулармен бірге пайда болған ғана емес, сонымен бірге біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында қалыптасқан айрықша да бірегей дүниетанымдық құбылыс ретінде қарастыруға болады.

Иә, жоғымызды түгендеп, барымызды толықтырып жатқан, тәуелсіз елдің көк байрағы желбіреп жатқан тұста 2001 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекеттің елордасында қазақ деген халықтың ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің тарихында өзіндік орнын ойып тұрып алатын орасан оқиға болды. Осы күні түркі заманының ұлы ескерткіші – Күлтегін жазуының ғылыми көшірмесі, оның заңды мұрагері, қазақ елінің жер кіндігіне әкеліп орнатылды. Сонау Моңғолия сахарасында жер мен күнге  қақталып, талай зобалаңдарға кезігіп, енді нағыз отанына үш жүз жылдан кейін оралып отырған Күлтегін баһадүрдің, елін-жерін қорғай білген қағанның құлпытасы  елімізде қоныс тебуі – ұлы оқиға, тарихқа жасалған көп қиястықты жөнге салған құбылыс. Енді кім де болса қазақ халқының тарихы алыста, сыры тереңде жатқанын ұғар, түсінер. Шынында да, көне түркі жазба ескерткішінің  әлеуметтік-тарихи мағынасы сол – түркі елі көшбасшыларының халық пен ата-жұртқа  деген терең сүйіспеншілігі өзек болатын темірдей ерік-жігері. Елбасы Назарбаев: «Біздің еліміздің халықтары ұлы ата-бабаларымызды әбден орынды мақтаныш етуге құқықты, ал Бумын, Естемі, Білге қаған, Күлтегін сынды алғашқы қағандардаң есімдері ежелгі ерте заманының  өзге ұлы әскери қолбасшыларының және мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен әбден қатар тұра алады»,-деп асқақ рухты, елін, туған жерін сақтап қалуға тырысқан, мемлекет болуға ұмтылған тұлғалардың елдік пен ерлік істеріне жоғара баға береді.

Көне ескерткіштің қазақ халқы үшін тағы бір маңызы – ата түркінің бір жармағы ретінде өзіміздің жазба мәдениетіміз сонау VI-VIII ғасырлардан бастау алғандығы біз үшін зор мақтаныш. өзім осы тақырыпты зерттеу кезінде байқағаным – ескерткіш тіліндегі сөздердің байланысу түрлері қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарына ұқсастығы. Атап айтсақ, қазіргі қазақ тілінде сөздердің байланысу түрлерінің бес түрі де ескерткіш түрінде кездеседі.



Демек, түркі ата-бабаларымыз ұстанған жазуды төл жазуымыз деп санап, әр түрлі тектес халық, әр қазақ терең түсінетіндей дәрежеде санаса, мектеп бағдарламасынан түбегейлі орын алып, көне мәдени жәдігерлерін ұлығылау жұмыстары үзіліп қалмай, одан әрі жалғасын тапса деген ұсынысымды білдіруге толық құқылымын деп есептеймін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет