Қорытынды Мен Әнеш Асылай



Дата22.06.2023
өлшемі13,21 Kb.
#103132
Байланысты:
Анеш Асылай


Қорытынды
Мен Әнеш Асылай 05.06.2023-17.06.2023 жж. аралығында 1-курстағы тәжірибемді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасында өттім. Оқу тәжірибесін өткізу барысында кафедраның ұйымдық құрылымымен, басқару жүйесімен, кафедра тарихымен таныстым. «Қазақ филологиясы» кафедрасының білікті де, білімді оқытушылары жайында білетін мәліметтерімді толықтыра түстім.Сонымен қатар оқу тәжірибесі жұмысын өткізу барысында мен кәсіби педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды,оның ішінде білім беру бағдарламасы мен фольклорлық жанрдың мазмұнын нақтылау және талдау,дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарын анықтау,іскерлік пен дағдыларды меңгердім. Еңбек ұжымында жұмыс жасау дағдыларын игердім, топта қалай жұмыс жасауды, ортамен қалай ашылуды, кәсіби қызметпен қалай айналысуды үйрендім. Іскерлік хат алмасу жайында мәліметтер алып, іс қағаздарын қалай толтыру керектігі жайында білдім. Ең бастысы, іскерлік хат алмасуда белгілі бір тәртіпті және әдепті сақтау қажет екендігін жадыма сіңірдім. Ең маңыздысы, тәжірибе барысында халық ауыз әдебиетін жинақтап, ертеден ел арасында тараған аңыз-әңгімелермен танысып, Қарахан әулие, Домалақ Ана және Жер ана және оның құдіреті жайлы аңыз әңгімелерді жинақтадым. Ата-баба өсиеті мен нақыл сөздерін оқып, тереңіне бойладым. Жаман дос көлеңке: басыңды күн шалса- қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса-іздеп таба алмайсың сынды мақалдарды өз қоржыныма салдым. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің қазақ халқының нағыз құндылығы , рухани байлығы екенің ескере отырып оны басқаларға да дәріптей алатындай санама сіңіріп ұғындым.
Менің ойымша оқу-тәжірибесі болашақ мұғалім үшін ең тиімді әдіс деп санаймын.Бұл тәжірибеде студент болашаққа деген сенімділігін арта түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет