Жоспар: Кіріспе: Негізгі бөлім: 1. Комплексті қосылыстарға сипаттама
2. Комплексті қосылыстардың биологиялық рөлі
Қорытынды: Қолданылған әдебиеттер:
Кіріспе: 1893 жылы А.Вернердің координациялық теориясына сәйкес комплексті қосылыстың молекулалары орталық атомнан (комплекс түзуші) жєне онымен байланысқан лигандтардан (зарядталған немесе нейтралды анорганикалық немесе органикалық бөлшектер, яғни иондар немесе молекулалар) тұрады.
Комплексті қосылыстардың кұрылысы өте күрделі. Сулы ерітінділерде комплексті объектілер комплекс түзуші мен лигандтардың электронды орбиталдары арасындағы өзара єрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Лигандтарда бөлінбеген электрондар жұбы болады, ол жұпты комплекс түзуші өзінің бос орбиталіне қабылдайды. Электронды жұп ортақ болып, нєтижесінде комплекс түзуші мен лиганд арасында донорлы-акцепторлы деп аталатын химиялық байланыс түзіледі.
- электрондары есебінен хингидрон комплексті қосылысын түзе әрекеттеседі. «Координациялық қосылыстардан» гөрі «Комплексті қосылыстар» ұғымы кеңдеу болуына қарамастан, оларды тәжірибеде онша бөліп қарамайды.Координация орталығы жоқ қосылыстар да белгілі. Мысалы, органикалық қосылыстар гидрохинон және хинон олардың
Сондай-ақ комплексті қосылыстарды қос тұздардан ажырата білу қажет, себебі олар тек қана физико-химиялық қасиеттерімен емес, сонымен бірге құрылысымен де ерекшеленеді.
Комплексті тұздар жай және комплексті иондарға диссосацияланады, соңғысы жай иондарға өте аз мөлшерде диссосацияланады.
Негізігі бөлім:
1. Комплексті қосылыстарға сипаттама Комплексті қосылыстар- кристалдық күйде де, еріген кезде де құрамында бірнеше лиганд тобымен байланысқан орталық атомнан тұратын, комплексті ион деп аталатын құрылым түзетін күрделі химиялық қосылыстарды айтады. 1871 ж. Д.И.Менделеев комплексті қосылыстар жайлы баяндама жасады. Комплексті қосылыстардың құрылысы жайлы өз көзқарасын білдірді. Әртүрлі қосылыстар (аммиакаттар, кристаллогидраттар, қос тұздар) арасында ұқсастық бар екендігін дәлелдеп, соның нәтижесінде осы заттардың құрылысы жайлы баяндады. Ол, бұл заттардың табиғаты бірдей болады деген қорытындыға келді. Комплексті қосылыстар орталығында металл атомы орналасады, ал оның айналасы атомдар, молекулалар топтарымен «қоршалады». Сосын оны 1893 жылы А.Вернер зерттеген. Координациялық теорияның негізін қалаушы Швед химигі Альфред Вернер болды. А.Вернер координациялық теорияны ұсынған кезде әлі атомның құрылысы ашылмаған еді. Сондықтан ол ұсынған теория негізгі және қосымша валенттіліктің мәнін түсіндіре алмады.
1911 ж. құрамында көміртек атомы кездеспейтін, 40 жуық оптикалық белсенді молекулаларды синтездеді.
1913 г. Цюрих университетінің профессоры Вернерге ертеректе жасаған зерттеу нәтижелеріне байланысты Нобель сыйлығы берілді. Бұл теорияны орыс ғалымдары Л.А.Чугаев, И.И.Черняев және А.А.Гринберг еңбектерінде толықтырды. Қазір атом құрылысы тұрғысынан негізгі және қосымша валенттілік мәні толық анықталды. Негізгі валенттілік ионды немесе ковалентті байланыс, ал қосымша валенттілік – ковалентті байланыстың бір түрі – донорлы –акцепторлы механизм арқылы түзіледі. Донорлы – акцепторлы механизм арқылы ковалентті байланыс түзілуі үшін бір элемент атомының бос орбиталі, ал басқа атомның байланыс түзуге қатыспаған жұп электроны болуы тиіс. Жұп электроны бар атом электрондарын бос орбиталі бар атомға беріп байланысады. Құрамында донорлы – акцепторлық механизм арқылы ең кемінде бір байланысы бар қосылыстарды комплексті қосылыстар деп атайды. Комплексті қосылыстардың қолданылуы:
Полимерлер синтездеуде катализатор ретінде қолданылады;
атмосфералық азотты байланыстыру үшін қолданылады;
синтетикалық жуғыш заттарды алу үшін;
металдар коррозиямен күресу үшін;
лак пен бояғыш заттарды алу үшін;
Қазіргі кезде комплекс қосылыстарындағы химиялық байланысты мына үш түрлі теория түсіндіреді: валенттік байланыс әдісі; кристалл өрісі теориясы; молекулалық орбитальдар әдісі. Бұл теориялар комплекс қосылыстарының құрылысын, қасиетін түсіндіруде бір-бірін толықтырып тұрады.
Валенттік байланыс (ВБ) әдісі негізінде жұп ортақ электрондар көмегімен және көбінесе донорлық- акцепторлық механизм арқылы комплекс иондар түзілетіні алынады.
Осы әдіс көмегімен көптеген комплекс қосылыстарының түзілуі, олардың магниттік қасиеттері, координациялық санның мәні жақсы түсіндіріледі. Осы әдіс арқылы комплекс қосылыстарға түсінікті анықтама берілген. Кристалл өрісі теориясы бойынша комплекс түзуші ион мен лигандалар арасында ионаралық не ион - дипольдік және электрстатикалық тартылыс күштері арқылы байланыс түзіледі. Бұл теория комплекс қосылыстарының оптикалық қасиеттерін жақсы түсіндіреді, ал ковалентті байланысы бар болған кезде қиыншылыққа кезігеді.
Молекулалық орбитальдар әдісі комплекс түзуші мен лигандаларды біртұтас алып қарастырады. Комплекстің қасиеті ядролармен электрондардан тұратын жүйе математикалық есептеу жолымен анықталады. Ядролар сыртында электрондар байланыстырушы және босаңдатқыш орбитальдар бойымен атомдық орбитальдардың сызықтық комбинациясы негізінде орналасады.