Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Биотехнология ғылымы туралы жалпы түсінік



бет2/4
Дата13.08.2023
өлшемі1,29 Mb.
#105222
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-34165

Биотехнология ғылымы туралы жалпы түсінік

Биотехнология ─ ғылым мен өндірістің жаңа саласы. Биотехнология ұғымының дәл мәнісі ─ биологиялық технология, немесе «биология + технология».Басқаша айтқанда, биотехнология дегеніміз, биологиялық объектілер мен биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құру, сол арқылы адамға қажетті өнімдерді алу.


Осы айтылған қандай объектілер, процестер, өнімдер? Биологиялық объектілерге сан-алуан организмдер, олардың әр түрлі мүшелері мен ұлпалары,әсіресе клеткалары және протопластары, солардың құрамындағы органоидтар,хромосомалар, тіпті жекеленген гендер де жатады. Ал, биологиялық процестерге келер болсақ, олардың тіршілік үшін ең маңыздылары ─ өніп-өсу, даму, көбею, зат пен энергия алмасу, информация қабылдау, сақтау, пайдалану және стресстік, қолайсыз факторларға бейімделу болып табылады. Биотехнологиялық жолмен алынатын өнімдерге көптеген дәрі-дәрмектектер, белоктар мен ферменттік препараттар, құлпырған табиғи бояулар, хош иісті заттар, витаминдер және тағы басқа да биологиялық активті қосындылар кіреді.Біріншіден, биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекция процесін жүргізуде ежелден қолданылып келе жетқан тәсілдерді (будандастыру, мутагенез, сұрыптау, т.б.) едәуір жеңілдетуге, тездетуге болады. Екіншіден, керемет зор нәтижелерге қол жеткізетін мүмкіндіктер тууына жол ашылды. Бұлар биоинженерия (клеткалық инженерия, гендік инженерия) принциптері негізінде бұрынды-соңды дүниеде болмаған, түп-тұқияннан қалыптасқан қасиеттерді тіпті қиялға симастай етіп өзгертіп, жаңа организмдерді конструкциялау, «жасап шығару». Осындай биотехнологиялық жолдармен өсімдіктердің сапалы сорттары, малдың асыл тұқымдары, микроорганизмдердің аса өнімді штаммдары алынады.
Биотехнология ─ биологиялық процестердің өту заңдылықтарын терең зерттеп, ұғу арқасында биологиялық объектілердің қызметін пайдалану негізінде іске асырылатын қазіргі заманның өте тиімді де биік деңгейдегі технологиясы.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі жалпы биотехнология ғылымының си-
паттамасы. Ал кеңірек алып қарағанда, биотехнологияның өзі бірнеше саладан тұрады. Пайдаланылатын объектілерге қарай: өсімдік биотехнологиясы, жануар биотехнологиясы, микроорганизмдер биотехнологиясы болып бөлінеді. Қолданылатын әдістер бойынша, клеткалық инженерия, гендік (немесе генетикалық) инженерия, ферменттік инженерия (немесе инженерлік энзимология), белоктық инженерия, иммунобиотехнология, гибридомдық технология деп аталатын биотехнологияның жеке тармақтары өріс алуда. Сондай-ақ, биотехнологияның жетістіктерін экономиканы дамыту үшін қолдануға байланысты ─ ауыл шаруашылық биотехнологиясы, фармацевтикалық (немесе медициналық) биотехнология, геобиотехнология, биотехнологиялық энергетика, экологиялық биотехнология сияқты салалар қалыптасты. Осы жағдайларды еске ала келе, өсімдік биотехнологиясын өз алдына жеке, дербес пән ретінде тану қажет. Биотехнология ғылыми пән ретінде және өндірістік қызмет саласы ретінде биохимияның, молекулалық биологияның, микробиологияның және химиялық технологияның функционалдық жетістіктері мен табыстарына сүйене отырып негізделеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет