Биотехнология ғылымынң басқа ғылымдармен байланысы
«Жаңа» биотехнология терминін «ескі» биотехнологияға қарама-қарсы
қолданады, гендік инженерияның, жаңа биопроцессорлық техниканың және мейлінше дәстүрлі формаларының әдістерін қолданатын биопрцессорларды ажырату үшін пайдаланады. Сонымен, ашу процесіндегі қарапайым спирт өндіру - «ескі» биотехнология, бірақ, осы процесте гендік инженерия әдістерімен ашытқыны қолдану - «жаңа» биотехнология болып табылады.
Биотехнология жеке қолданылу аймағында салалар бойынша бөлінеді.
Қызыл биотехнология. Қызыл биотехнология (медицина) биотехнологияны қолдану аймағының ең маңызды саласы болып табылады. Биотехнологиялық процестер жаңа медикаменттерді шығаруда маңызды рөлді атқарады (мысалы, ісік ауруын емдеу үшін). Диагностика үшін де биотехнологияның атқаратын рөлі өте маңызды болып отыр (Неміс өндірістік нормалар және стандарттар комитетінің чипі, биосенсорлар). Қызыл биотехнология қолданудың ең жоғарғы деңгейінде тұр және ол көптеген басқа да салалар үшін де технология көзі және қозғаушы күші болып табылады. Жасыл биотехнология. Жасыл биотехнология заманауи өсімдіктер селекциясы саласын қамтиды. Мұнда жәндіктердің, саңырауқұлақтардың, вирустардың және гербицидтердің қарсы тұруының биотехнологиялық әдістерін күшейту бағытында жұмыстар жүргізіледі. Жасыл биотехнология саласында гендік техника ерекше орында тұр. Ол белгілі бір гендердің өсімдіктердің бір түрін екінші түріне ауысуы үшін негіз салады және резистенттіліктің тууына мүмкіндік береді.
3.Биотехнологияның даму тарихы және бағыттары
Сары биотехнология. Сары биотехнология қазіргі заманғы мал шаруашылығы саласын қамтиды. Мұнда жануарлардың өнімділігі мен резистенттілігін күшейту бағытындағы жұмыстар жүргізіледі. Сары биотехнологияда гендік және клеткалық техника ерекше орын алады. Олар белгілі бір гендердің жануарлардың бір түрінен екінші түріне ауысуы үшін және жануарлардың жаңа генотиптерін жасау үшін негіз болады.
Көк биотехнология. Көк биотехнололгия теңіз биологиясының организмдерін және процестердің техникалық қолданылуына негіз болады. Мұнда әлем мұхиттарының биологиялық организмдері бар.
Сұр биотехнология. Сұр биотехнология қоршаған ортаны қорғаумен айналысады. Мұндағы биотехнологиялық әдістер топырақты тыңайтуға, канлизацияларды тазартуға, газдардан тазартуға, ауаны тазартуға, қалдықтар мен артылған материалдарды екінші мәрте қайта өңдеуге көмектеседі.
Ақ биотехнология. Ақ биотехнология химия өндірісін қамтиды. Ақ биотехнологияның міндеті – ресурстарды сақтау талаптарын және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, спирт, дәрумендер, амин қышқылдары, антибиотиктер немесе ферменттер субстанцияларын өндіру.
Биотехнологияны өндірістің келесі түрлерінде қолдануда болады:
химиялық және фармацевтикалық өндіріс;
азық-түлік өнімдері және дәмдік өндіріс;
ағындарды, қалдықтарды және газдарды өндірістік тазарту;
жаратылыстану ғылымдары мен медицина саласын зерттеу үшін жаб-
дықтау;
биотехнологиялық приборлар мен жабдықтар саласында кеңес беру,
өтім және даму.
Биотехнология көптеген ғылымдардың түйісуі арқасында пайда болды.
Сондықтан оның дамуы биологияның көптеген салалары бойынша (биохимия,генетика, микробиология, молекулалық және клеткалық биология, эмбриология) терең және де жан-жақты жүргізілетін зерттеулер негізінде алынған ғылыми мәліметтерге, жетістіктерге тығыз байланысты.
Биотехнология биологиялық білімді практикада қолданып, адамзат алдында тұрған мынадай көкейтесті мәселелерді шешуге жол ашады: азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, жаңа энергоресурстармен қамтамасыз ету және экологиялық жағдайды жақсарту. Биотехнология, сөзсіз, ХХІ ғасырдың жоғары дәрежелі технологияларына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |