Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер


Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата25.11.2023
өлшемі286,12 Kb.
#127692
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
балнур психология

Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі 
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және 
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. 
Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі 
шираңтықты, ӛзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған 
ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап 
кӛрсетеді. Балалардың ӛсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне кӛшуі 
кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің 
үштасуын жиі байқауға болады. 
Сана-сезімнің, 
дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас 
ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы ӛскен сайын бойлары ӛсіп, 
денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. 
Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі 
негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рӛлі, белгілі құқығы бар 
адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке 
басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы ӛмір сүруге 
дайын болуы. 
Жас ұрпақты қоғамдық ӛмірге және еңбекке араласуға дайындау 
міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін 
тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю — 
ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ 
жалғастыру — бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-


тан тыс ӛмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ 
әкеледі. Адам ӛзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды. 
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін 
педагогика ғылымы ерте кезде-ақ кӛрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер 
Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, 
ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын. 
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен 
жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рӛлін айрықша 
кӛрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың 
дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан 
сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі ӛзгерістер болатынын алға 
тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық 
дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының 
негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасӛспірімдердің ӛсіп-жетілуін 
мынадай кезеңдерге бӛлу қабылданды: 
1) тӛменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін); 
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін); 
3) орта мектеп шағындағы жасӛспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет