Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы



бет1/25
Дата16.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#93713
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
user file 5eba931be0a27



Өскемен, 2009ж


«Дарындылық картасы» әдістемесі.
«Дарындылық картасы» әдісі ата-аналар мен педагогтерге қолдануға арналған. Бірінші және негізгі қызметі – диагностикалық. Бұл әдістің көмегімен баланың әртүрлі дарындылық түрлерін бағалап және дәл қазіргі уақытта оның қай түрін игеруде екенін анықтауға болады. Берілеген барлық оң бағаны салыстыру арқылы баланың дарындылық қабілетінің даму «портретін» көрсетуге көмек береді.
Екінші қызметі – дамытушы. Баланы бағалауды оның кейінгі даму бағдарламасы ретінде қарастыруға болады. Баланың бойынан бұрын-соңды байқалмаған немесе мән бермеген нәрселерді байқауға, сондай-ақ байқалған қасиеттерді жетілдіруге күш жұмсау керек. Әрине бұл бала дарындылығының бүкіл мүмкіндіктерін толықтай қамти алмайды. Бала дарындылығының диагностикалық әдістерінің жалпы кешенінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Құрылысы: сіздің алдыңызда 80 сұрақ, бұл бала іс-әрекетінің және мінезінің ерікті аймағы бойынша 10 жүйеге қатысты алынған. Балаңызға әр көрсеткіш бойынша келесі шкалаларды пайдалана отырып баға беріңіз:
(+ + ) – егер бағалаған тұлғаның ерекшелігі жақсы дамыған болса;
(+) – қасиеті айқын білінеді, бірақ жиі көрініс бермейді;

  1. – бағаланған және қарама–қарсы тұлға қасиеті нақты көрінбейді, анада-санда көрінеді, іс-әрекеті мен мінез–құлқы бір-біріне теңеледі;

(-) – тұлғаның қасиетінен қарама-қарсы бағалау біршама анық және жиі көрінеді.
Түсіндірме: Бағалар жауап парағына белгіленеді. Бірінші сұрақтың жауабын жауап парағының 1-торкөзіне, екінші сұрақтың жауабын екінші торкөзге, т.с.с жалғаса береді. 10-15 минут уақыт кетеді. Егер жауап беруде қиындықтар туындаса, соған сәйкес торкөзді бос қалдырыңыз.


Сұрақ парағы.

  1. Қисынды ойлауға қабілетті, деректі түсініктерді қабылдауға бейім.

  2. Үлгіден тыс ойлауды және күтпеген шешімдерді ұсынады.

  3. Жаңа білімді үйренуі өте жылдам, барлығын тез ұғып алады.

  4. Суреттерде бірізділік жоқ. Сюжеттерді таңдауда ерекше.

  5. Музыка сабағына қызығуы зор.

  6. Әңгіме немесе өлең жазғанды ұнатады.

  7. Басқа біреудің рөліне тез енеді.

  8. Механизмдерге және машиналарға қызығады.

  9. Құрбыларымен қарым-қатынаста ынталы.

  10. Күшті, көп көлемді қозғалуды қажет ететін баланың іс-әрекетін көрсетеді.

  11. Ерекше қабілетті жіктеуге үлкен қызығу танытады.

  12. Жаңа бастамалардан қорықпайды, әрқашан жаңа ойды байқап көруге тырысады.

  13. Тыңдағанын және оқығандарды арнайы жаттаусыз тез есіне сақтайды.

  14. Жақсы суретті көргенде, музыканы тыңдағанда, мүсінді тамашалағанда ойланып сабырлы болады.

  15. Әуеннің ырғағы мен ерекшелігін анық сезінеді.

  16. Сюжеттердің байланысы мен белгілі бір тартыспен аяқталған әңгімені оңай құра алады.

  17. Әртістік ойындарға қызығады.

  18. Бұзылған жабдықтарды тез жөндеп алады, ойыншықтар, жабдықтар, құралдарды жаңадан өңдеуге ескі бөлшектерді қолданады.

  19. Таныс емес адамдардың арасында сенімділігін сақтайды.

  20. Спорт ойындарына қатысуды ұнатады.

  21. Тіл байлығы мол. Өз ойын жақсы жеткізеді.

  22. Әртүрлі жайттарды қолданып және таңдаулар жасағанда ерекше (мысалы, ойындар тек қана ойыншықтарды пайдаланбайды, сонымен бірге жиһаздарды, тұрмыстық заттарды және т.б. пайдаланады).

  23. Болып жатқан жағдайлар мен мәселелерді құрдастарына қарағанда жақсы біледі.

  24. Гүлдерден, суреттерден, маркалардан, тастардан, т.б. композиция жасауға қабілетті.

  25. Жақсы ән шырқайды.

  26. Бір жағдайды әңгімелегенде негізгі ойдан айырылып қалмайды.

  27. Басқа адамды суреттегенде дауысы мен ырғағы өзгереді.

  28. Сұраққа жауап іздейді, іске аспайтын механизмдерді жөндегенді ұнатады.

  29. Балалармен және ересектермен тез тіл табысады.

  30. Құрдастарының арасында спорт ойындарынан жиі жеңіске жетеді.

  31. Оқиғалардың себебі мен салдары аралығын бір-біріне жақсы байланыстырады.

  32. Өзі қызықтайтын сабаққа «басымен» кетеді, еліктеуге қабілетті.

  33. Өз құрдастарын оқу үстінде 2 немесе 1 жылға озып кетеді, яғни бұл сыныпта емес, өзінен жоғары сыныпта оқуы тиіс.

  34. Ойыншықтарды, суреттерді, қаламдарды, т.б. дайындауға жаңа материал қолданғанды ұнатады.

  35. Аспапта ойнағанда, билегенде, өлең айтқанда көп сезімі мен энергиясын шығарады.

  36. Оқиғалар туралы әңгімелегенде қажетті бөлшектерді ғана қолданады. Ең бастысын қалдырып, қажеті жоғын ысырып тастайды.

  37. Драмалық сахнада қақтығысты бейнелеуге және түсінуге қабілетті.

  38. Механизмдердің сызбаларын және қателерін салғанды ұнатады.

  39. Басқа адамдардың іс-әрекетінің себептерін таба алады. Жеткізілмеген ойларын жақсы түсінеді.

  40. Сыныпта, балабақшада бәрінен жылдам жүгіреді.

  41. Ақыл-ой күшін талап ететін күрделі тасымалдарды шешкенді ұнатады.

  42. Бір мәселеге жан-жақты келе алады.

  43. Әртүрлі нәрселерге әуес.

  44. Бос уақытында үлкендердің көмегінсіз сурет салуды, жапсыруды ұнатады, композиция құрайды, үйді безендіру, киімдерді және т.б. көркемдік мағынасы бар сурет салады.

  45. Музыканы ұнатады. Концертке, әуен тыңтайтын орындарға баруға тырысады.

  46. Өз әңгімесінде кейіпкердің сезімін, қайғысын білдіретін сөздерді қолданады.

  47. Сезімді мимика, жест, қимыл арқылы беруге бейім.

  48. Жаңадан құралған жабдықтар, машиналар, механизмдер туралы мақалалар мен журналдарды оқиды.

  49. Басқа балалардың ойындары мен сабақтарын жиі басқарады.

  50. Қозғалысы жеңіл, әсем. Қозғалысында жақсы үйлесімділік бар.

  51. Байқағыш, оқиғаны немесе құбылысты талдағанды ұнатады.

  52. Өзінің және басқалардың ойларын қорытындылап, пікір қосуға қабілетті.

  53. Кітаптар, мақалалар, ғылыми танымдық басылымдарды оқуда өз құрбыларынан бір немесе екі жыл алда болады.

  54. Суретке немесе жапсыруға өзінің көңіл-күйін немесе сезімін білдіру үшін көңіл бөледі.

  55. Қандайда бір асапапта жақсы ойнайды.

  56. Әңгімедегі оқиғаны түіну үшін маңызды мағлұмат беруге тырысады (өз құрдастары жеткізе алмайтын мағлұматтарды), сондай-ақ, оқиғаның негізгі желісінен де ауытқымайды.

  57. Өзі қызықты әңгіме айтқанда, басқа адамдардың эмоционалды ықпалын тудыруға тырысады.

  58. Ғылыми оқиғаларды талқылағанды ұнатады. Осы туралы жиі ойлап жүреді.

  59. Оның жасы үшін шамадан тыс, өзіне жауапкершілік артуға бейім.

  60. Серуенге, спорт алаңдарына шыққанды ұнатады.

  61. Ұзақ уақыт есіне белгілерді, әріптерді, сөздерді сақтай алады.

  62. Өмірлік мәселелерді шешудің жаңа әдістерін қолдануды ұнатады. Бұрын қолданылған нәрселерді пайдаланғысы келмейді.

  63. Қорытынды шығара алады.

  64. Сазбен, балшықпен, қағаз және желіммен жұмыс жасап, көлемді бейне жасағанды ұнатады.

  65. Ән айтуда және әуенде өз көңіл-күі мен сезімін білдіруге тырысады.

  66. Қиялдауға бейім, барлығына таныс және белгілі нәрсені айтқанда ерекше жаңа қырынан айтқысы келеді.

  67. Үлкен жеңілдікпен драматизациялайды, сезім мен эмоциялық қобалжуларды дұрыс сездіреді.

  68. Өзіндік жобаларды құрастыруда(қайықтар, ұшақтар, көліктер моделін) көп уақытын жұмсайды .

  69. Басқа балаларды ойында немесе сабақта өзіне серіктес етуге тырысады.

  70. Бос уақытын қозғалыс (хоккей, баскетбол, футбол, т.б.) ойындармен өтеізгенді ұнатады.

  71. Пәндердің қызметтері мен пайдалу туралы көп сұрақтар қояды, қызығушылығы мол.

  72. Немен шұғылданса да (сурет салу, құрастыру, оқиғаларды ойлау сенімді әрекет жасайды, ол әртүрлі ойлар мен шешімдерді ұсынуға қабілетті.

  73. Бос уақытында ғылыми-танымдық басылымдарды (балалалар энциклопедияларын, аықтамаларды) жақсы көреді, бұларды зор қызығушылықпен оқиды.

  74. Өнер туындылырына өзіндік бағасын бере алады. Өзінің суретіндегі, құрастырған ойыншықтары мен скульптурасының ұнағанын айтады.

  75. Жеке өзінің әуендерін шығарады.

  76. Әңгімеде өзінің кейіпкерлері туралы өте жақсы баға береді. Оның мінез-құлқын, сезімін, көңіл-күйін жақсы жеткізеді.

  77. Драматизациялық ойындарды ұнатады.

  78. Компьютерді тез меңгереді.

  79. Басқаларды сендіре алады. Өз ойларын мойындатуға қабілетті.

  80. Құрдастарына қарағанда физикалық шыдамды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет