2. Психодиагностиканың кәсіби –әтикалық аспектілері Практикалық психодиагностика – психологтардың кәсіби іс-
әрекетіндегі өте күрделі және жауапты бөлім. Психодиагност білімді, кәсіби
шебер және жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға
бірқатар әлеуметтік –әтикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары
практик-психологтың әтикалық кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша
талқылауды қажет етеді. Олардың ішінде – психодиагностика құпияларын
сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі,
сыналушыларға зиян келтіру, тұжырымдардың нақтылығы және ұсынылған
практикалық сипаттамалардың өнімділігі. Осы аталған талаптарды
психодиагностиканың ұстанымдары түрінде қарастырайық.
Құпияны сақтау ұстанымы – сыналушының келісімсіз диагностика
нәтижелерін жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек адамдарға қатысты.
Егер зерттелуші кәмелетті жасқа толмаған болса, мысалы мектеп жасындағы
балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін
міндетті түрде ата-аналарының немесе олардың орнына жауапты
тұлғалардың келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша
әксперименталды зерттеудің бір бөлімі ретінде ғана психодиагностикалық
зерттеу нәтижелерін жариялауға болады, бірақ бұл жағдайда да
басылымдарды сыналушылардың нақты аты –жөндерін көрсетіп сипаттауға
болмайды.
Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі туралы
ұстаным зерттеу әдістерінің неғұрлым берікті және сенімді болуын талап
етеді.
Зиян келтірмеу ұстанымы бойынша жүргізілетін тесттердің нәтижелері
ғылыми негізделуін талап етеді, яғни тұжырымдардың қандай да бір
субъектінің пікірі емес, керісінше нақты бір сенімді және берікті әдістеме
қорытындысы болуы керек.
Өнімділік ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері
бойынша сыналушыларға берілген міндетті түрде пайдалы болуы тиіс.
Психодиагностикамен
айналысатын
адамдарға
ерекше
квалификациялық талаптар қойылады. Оардың негізгілері: жақсы теориялық
даярлық, психодиагностикалық әдістемелер және оларды пайдалану
ережелерін түпкілікті білу.