1. Психодиагностика туралы жалпы түсінік.
Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық
немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының
жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар.
Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және
ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар
психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет
күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық
проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал -
жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға
жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық,
кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.
Психодиагностика – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс
жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.
Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық
психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни
психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге
психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды
орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика
психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін
құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа
шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға
мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен
үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық
негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде
қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік
психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың
теориялық негізі қалыптасады.
2. Психодиагностика және оның әдістері.
Психодиагностика және оның әдістері (жан және diagnosticos) – адамның
психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық
сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам
психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс
аумағы. Зерттеу міндеттеріне байланысты диагностикалық белгілер адамның
жасы, жынысы, білімі, мәдениеттік деңгейі, психикалық қалпы, психо-
физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар
кіреді.
Диагностика – зерттелетін объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат
алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында
диагностиканың мәні медицинадағы аура сипаты туралы дұрыс қойылған
диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында
және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол.
Дұрыс қойылмаған диагноз аурудың жазылуына деген үміттің үзілуіне
әкеп соқтырады. Осы аталғандардың барлығы тән денсаулығы саласы
психикасына қатысы бар, сондықтан да диагностика даму саласында ерекше
мәні бар іс, жоғары біліктілікті және жауапкершілікті қажет етеді. Күнделікті
педагогикалық тәжірибеде мектеп психологтары және мұғалімдер жеке
тұлғаның жекелеген сапаларын зерттейді, бірақ осы зерттеулердің
нәтижесіне қарап, дамудың салаларына жалпы баға беруге болмайды.
Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілер үшін ең бастысы – оқушылардың ақыл-
ой әрекетінің диагностикасы, мінез-құлық ерекшеліктері, әлеуметтік
сипаттарының мінез-құлық дамуы және тағы басқа да осы секілді мәселелер
болып табылады.
Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын
іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің
негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық
психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы
вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде
қабылдау.
Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының
барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты
алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік
әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады.
Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну
арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың
барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген
эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.
Практикалық психологтың іс - әрекетіндегі психодиагносикалық әдістер
клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта
стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау,
тесттер, проэктивті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады.
Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы
белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.
Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі
бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің
проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше
ерекше бағытпен шешеді.
Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі
варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал.
Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба –
нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты
мәліметтердің тізімі бар.
|