«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



бет2/46
Дата02.12.2023
өлшемі1,81 Mb.
#132447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
УДК 376 ББК 74.3
ISBN 978- 601 – 7469 – 89 - 4
© «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. 2014

2



Кіріспе

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңарудың соңғы онжылдығында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты оң беталыс тұрақты қалыптасты. Қазіргі таңда жекелеген мектептердің тәжірибесіне белсенді түрде кіріктіріліп, инклюзивті білім беру үдерісі барған сайын кеңінен таралып келеді. Соның бірі дәлелі «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың


2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей: 2020 жылға қарай инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70%-ға ұлғаяды, ал орта мектептердің негізгі міндеттерінің бірі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады.
Инклюзивтік білім берудің негізгі мақсаты – барлық балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, ана-тіліне, бұрынғы оқудағы жетістіктеріне, жеке ерекшеліктеріне қарамай білім алуы мен нәтижелі табысқа жету үшін қажет жағдайлар жасау және білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
БҰҰ «Бала құқығы туралы» Конвенцияның негізінде балалардың тіршілік етуінің даму Ережесі, құқығын қорғау, қоғам өміріне балалардың араласу кепілі қарастырылған. Инклюзивті білім беру үрдісі ҚР Конституциясында, БҰҰ «Бала құқығы» туралы, ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау» туралы, Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңдарында, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңында, «Мүмкіндігі шектелген балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлем» туралы, ҚР жасына қарай және асыраушысынан айрылған жағдайда, мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», сондай-ақ ҚР Үкіметінің шешімдері, ҚР БҒМ бұйрықтарында инклюзивті білім беруді жалпы білім беру ортасына еш бір дискриминациясыз, сегрегациясыз «Баршаға бірдей» сапалы білім беру, медициналық- әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық түзету ортасымен қолдау, тең құқылы мәселелері қаралып, шешім қабылданып заңдармен бекітілді.
«Бала құқығы туралы Конвенциясында», «Балалардың дамуын және қорғауды, өмір сүруін қамтамасыз ету туралы бүкіл әлемдік декларасиясында» және «Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-психологиялық түзетуді қолдау туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуіне, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы

3

үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтын, мүмкіндігі шектелген балалардың еркіндігімен әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз ете алатын, олардың жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып, толыққанды өмір сүрулеріне қажетті айрықша күтім мен дамыта-тәрбиелеу және инклюзивті білім алу құқығына кепілдік береді.


Алайда мүгедек, мүмкіндігі шектеулі баланы тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беру ұйымының кеңістігіне кіріктіруге, психологиялық-педагогикалық және медициналық қолдауына байланысты бірнеше мәселелер кездеседі:
-мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға қажет білім мен білікті меңгерген және олармен жұмыс істеуге дайын жаңа тұрпатты педагогтар мен басшылар санының аздығы;
-мектептік ортада мүгедектікке деген дискриминациялық көзқарасты және дұрыс емес пікірдің болуы;
-педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың мүгедектік туралы және мүмкіндігі шектеулі құрадастарының мүмкіндіктері туралы ақпараттың жетіспеушілігі;
-ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін білім беру үдерісіні жеңілдететін, оңалтудың техникалық құралдарын пайдалану мен білім берудің қолжетімді ортасын ұйымдастыру туралы білімнің жеткіліксіздігі;
-тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасау үшін материалдық-техникалық дайындық пен әдістемелерге сәйкес білімнің аздығы;
-түрлі бұзылыстары бар балалардың қалыпты дамыған қатарластарының орта сында білім алу құқығын дұрыс түсініп қабылдауда қоғам өкілдерінің дайын еместігі;
-толыққанды білім алуға бағытталған мүмкіндігі шектеулі балаға білім берудің жеке бағдарламасының ресми сипатта болуы немесе бағдарламаның болмауы.
Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету – педагогикалық қолдау, бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстарымен жеке ерекшеліктерімен ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда. (Д.Митчелл – профессор. Жаңа Зеландия. 1997 ж).
Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық саясаты дәл осы инклюзивті білім беру принциптеріне негізделеді. Дегенмен инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр елдің қайталанбас ерекшеліктеріне байланысты мемлекет үшін қолданылатын нақты әдістемелер мен нұсқаулықтар жоқ, инклюзивті үрдістерді дамыту тәжірибесі оның дұрыс бейімделу барысында оларды пайдалану үшін маңызды болып табылады.
Инклюзивті білім беру тәжірибесі біздің елімізде «2000 жылы мүмкіндігі шектелген балаларға базалық білім беру қолдау көмегі» Қазақстан

4

Республикасының үкіметі және ЮНЕСКО- мен бірігіп САТР Орталығымен Пилотты жобаны жүзеге асыру барысында басталды. Осы жобаның арқасында «инклюзивті білім беру» түсінігі енді ғана орнықты.


Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси құрылымының өзгеруі БҰҰ дүниежүзілік құқықтық құжаттарымен сәйкес қоғамды демократияландыруға бағытталған іс шаралар өткізу мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға соның ішінде балаларға білім беруіне мемлекет пен қоғамның қатынасы жаңа ұстанымының қалыптасуына ықпал етті. Білім беру саласындағы мемлекет саясаты Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің радикалдық өзгеруіне бағытталған. Оның расталуы соңғы жылдары еліміздің Үкіметімен мүгедектер мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектелген тұлғалар үшін білім беруге тең құқықты кепілдемелікті қарастыратын халықаралық нормаларға сай республикамызда білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық актілермен бірқатар заңдардың қабылдануы болып табылады.
Қазақстан Республикасының бірыңғай білім беру кеңістігін құруға БҰҰ декларациясында, «Бала құқықтары туралы Конвенция», «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасывның заңы, 2010-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында бекітілген тұлғаның құндылықтары адамгершілік идеяларымен сәйкес педагогикалық білім беру мазмұнын жаңартуды қажет ететіндігін ескертеді. Әсіресе бұл мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін модернизациялау, барлық балалардың сапалы мектепке дейінгі білім берумен қамту сұранысын көрсететін, жаңа мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ҚР МЖБС 1.001.-2001 бағдарламаларын енгізумен қарастырылады.
Ұлттық білім беру жүйесін жүзеге асыру кез келген мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте, мүгедек балалар мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектелген балаларды табысты әлеуметтендіру қамтамасыз етіледі деп жорамалдайды. Бүгінде білім беру үрдісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды түгелдей қосу аталып өтуде, сондықтан мектептік және мектепке дейінгі ұйымдары арнайы педагогтермен біріктіріп оқытатын педагогтардың аса қажет ететінін қауіптенеді. Ерекше назарды тәрбиешілер даярлауға аудару қажет, өйткені ол қалыпты топқа қарағанда инклюзивті топта балаларға одан да зор ықпалға иеленеді.
Қазіргі білім беруді жаңғырту тенденциялары оқушыларды психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу қажеттілігін талап етіп отыр. Олардың дамуы көптеген қолайсыз факторлардың туындауына ықпал етеді. Психикалық жүйкесі жұқарған жасөспірімдердің саны жыл сайын артуда. Жалпы білім беру мектептерде оқушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың қажеттілігіне дамуында ауытқушылығы бар және оқуды қиындықпен қабылдайтын балалардың саны артуы себеп болып отыр.

5

Бүгінгі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерге кірігу арнасы кеңейіп, мемлекетіміздің білім беру кеңістігінде тұрақталған тенденцияға айналып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет