Осы ұсынылған мақсаттардан әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу міндеттері туындайды.
-адамның өмірлік таңдау ситуацияларын іске асыруға жағдай құру;
-даму, оқу, әлеуметтену міндеттерін, құрдастарымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынас проблемаларын, оқу қиындықтары, білім беру және кәсіптік маршрутын таңдау проблемаларын шешу серіктестігі;
-баланың айналасындағы әлеуметтік ортасының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігінің дамуы (оқушылардың, ата аналардың, педагогтардың);
-дамып келе жатқан тұлғаның әлеуметтік жағдайын жақсарту;
-баланың мінезін өзгертетін проблемалардың туындауын алдын-алу; -тұлғаның қалыпты даму механизмдерін сақтау.
Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу қағидалары.
-баланың белсенді қалпы: бастысы, баланың орнына проблемаларды шешпеу, бірақ-та, баланы проблемаларды өздігінен шешуге үйрету, өздігінен даму қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау;
-«баланың жағында»: бастысы болып баланың қызығушылығы алынады, оқу –тәрбие процесінің мүшелерінің позицияларын ескерумен баланың құқығын қорғауы қамтамасыз етіледі;
-автономиялығы: сүйемелдеу жүйесінің маманында өзінің іс-әрекетін ерекше тәжірибе етіп ұйымдастыру мүмкіндігі болу қажет; сүйемелдеу жүйесінің маманы оқу-тәрбиелік үрдістің субъектілерінің ісін ауыстырмайды, бірақ –та, бала дамуының міндеттерін шешуде өзінің жұмысын олармен бірлесіп атқарады.
-үздіксідігі : баланы білім беру мекемесінде оқуының барлық оқу кезеңінде сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
-кешенділік:сүйемелдеу міндетін шешуде мамандардың бірлесіп ұйымдастыруы: сынып жетекшілердің, мұғалімдердің, педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, медициналық мамандардың, мұғалім логопедтердің, дефектологтардың;
-ескертпелілік:туындыған проблемаларға әсер етуден проблемалық ситуациялардың туындауын алдын-алуға ауысуды қамтамасыз ету қажет.
И.Трус баланы әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің функцияларын анықтады:
Достарыңызбен бөлісу: |