Білім беру мекемелерінде психологиялық-медициналық педагогикалық Консилиумның іс әрекетін ұымдастыру.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық Консилиум–білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің қатысушыларының іс әрекетін ұйымдастыру түрі. Оқушыларды, нақты топ балаларын (б/б, сынып, құрылымдық бөлімшелерді) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жоспарлау және жасақтау.
Әкімшіліктің, негізгі педагогтардың, білім беру мекемесін сүйемелдеу мамандарының пәнаралық командасының, ата-аналардың мүмкіндігі шектелген балаларды білім беру процесіне кіріктіруде жекешелендірілген білім беру маршрутының бірлескен нақты іс әрекетінің жүйесі деп түсінуге болады.
Жекешеленділірген білім беру жоспары (жекешелендірілген білім беру бағдарламасы)–нақты бір кезеңге бекітілген білім беру мекемесінің директорымен және ата-аналармен қол қойылған құжат.
Тәжірибеден мысал келтіруге болады: педагогтардың пікірі бойынша мүмкіндігі шектелген жалпы білім беру бағдарламасын толық меңгере алмайды.
Оған дефектолог-логопед мамандарының, бейімделген дидактикалық материалдардың, тьютор маманының көмегі қажет.
Сонымен қатар, ата-аналар өздерінің балаларының кластастары оқитын кітаптарды оқуды талап етеді. Балаларды үй жұмыстарымен немесе жоғары талаптармен жұктейді.Немесе керісінше, ата-аналар қосымша көмекті қажетсінбей мамандардың ұсыныстарын орындамайды. Бұл кезде барлық
23
жауапкершілік білім беру мекемесіне жұктеледі. Бұндай жағдайлар жиі кездесіп тұрады.
Қазіргі жағдайда бірлескен юристік күші бар білім беру мекемесінің ата-аналармен келісім шартпен бекітілген нақты құжат жоқ. Сондықтан, білім беру мекемесінде ата-аналармен іс әрекеттестік орнатуда координатордың, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің пәнаралық командасының жұмысы қажет.
«Әлеуметтік – педагогикалық сүйемелдеу» және «қолдау».
Соңғы онжылдықта әлеуметтік - педагогикалық тәжірибеге «сүйемелдеу» немесе «қолдау» деген ерекше үрдіс кіріктіріліп белсенді даму жолында. Педагогикалық қолдау пәні болып баланың жеке басының қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігін және кедергілерді жеңу үрдісі болып табылады.
Педагогикалық қолдау әдістері мен тәсілдері көптүрлі, яғни, ол көптеген қарым қатынастың ситуацияларымен байланысты. О.С.Газман педагогикалық қолдау ретінде қарастырылатын диалог режимінде қолданылатын проблемаларды шешудің жеті түрін анықтады:
1.Баланың эмоционалдық қал-жағдайын байқау; 2.Балаға өзінің проблемаларын көруге көмектесу; 3.Оған деген өзінің көзқарасын анықтауға көмектесу; 4.Не істеу керек екенін анықтауға көмектесу; 5.Қалай істеу керек екенін анықтауға көмектесу;
6.Баланың проблемаларды шешу варианттарын таңдауға көмектесу; 7.Проблемаларды шешу жоспарын ойластыруға көмектесу.
Қолдау әдістер мен техникалар жүйесі түрінде ұсынылады, балаға өздігінен жеке басымен таңдау жасауға көмек түрімен және оқу, танымдық, коммуникативтік іс әрекетінде кездесетін кедергілерді жеңу көмегімен қамтамасыз етеді.
Сондықтан, баланы әлеуметтік-педагогикалық қолдау– ол баланың қалыпты дамуына және физикалық, психикалық денсаулығына байланысты, қарым-қатынасымен, оқуда үздік болуына, өмірлік және кәсіптік бейімделуі сүйемелдеумен және базалық қажеттілігімен, жеке басының проблемаларын шешуге және құқын қорғауға бағытталған өлшем жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |