«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



бет9/46
Дата02.12.2023
өлшемі1,81 Mb.
#132447
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.

Елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп – қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР – да 2015 жылға қарай инклюзивті білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған 70%-ға ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. Дегенмен, бұл саланың да проблемалары жетерлік. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше факторлар: объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде.
«Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен мақұлданып, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла бастады .
Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам болып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу - әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата – аналарына кеңес беру және психологиялық – педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды.
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады.
2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық – техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық жағдайлар жасалып,

20

дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал – жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалады.


«Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 15-бабына сәйкес осы санаттағы балаларға арналған жаңа білім беру ұйымдарын салу, жөндеуден өткізу және қайта салу жұмыстарын жүргізу барысында білім беру мекемелерінің «кедергісіз» әрі тосқауылсыз болуын міндетті түрде қамтамасыз ету қажет.
Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру жүйесін 12 жылдық оқытудың жаңа мерзімдеріне көшуіне байланысты негізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті мерзімді бекіту керек. Мысалы, естімейтін балалар мектептің негізгі бағдарламаларын 12 жыл бойы меңгеруі (0 – мектеп алды даярлық және бастауыш және орта буын) керек. Білім беру жүйесінде оқытудың жаңа мерзімдері енгізілгеніне байланысты барлық типтегі түзету мектептеріне арналған жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтарын өңдеуді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет