Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі нормативтік-құқықтық базасы.
ҚР «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.;
ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы, 2002 ж.;
ҚР «ҚР Балалардың құқықтары туралы» Заңы, 2002 ж.;
2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
2011-2015 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспары;
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы;
18
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 26 қарашадағы «Стационарлық емдік-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтетін мүгедек балаларға арналған оқыту, мүгедек балаларды үйде оқытуда оқыту-тәрбелеуді ұйымдастыруға ата-аналарға жәрдемдесу тәртібін реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 974 бұйрығы.
2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
2015 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда тең мүмкіндік беру үшін жергілікті атқарушы органдар 2235 жалпы білім беру мектептеріне жағдай тудыратын болады: 2011 жылы-768 мектеп, 2012 жылы-1068 мектеп, 2013 жылы-1462 мектеп, 2014 жылы-1846 мектеп және 2015 жылы -2235 мектеп.
2020 жылға қарай инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің үлесі 70 пайызға дейін ұлғаятын болады. 2016 жылы-2726 мектепте, 2017 жылы-3217 мектепте, 2018 жылы-3708 мектепте, 2019 жылы-4199 мектепте, 2020 жылы-4690 мектептерде өседі.
Жалпы балабақша санынан 2020 жылға қарай балабақшаларда кедергісіз орта тудыру үлесі 30 пайызға дейін артады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім берумен қамтамасыз етудің ең маңызды мүмкіндіктерінің бірі қашықтықтан оқыту, электронды оқыту жүйесі болып табылады.
Үйде оқитын мүгедек балаларды жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі шарттары: мүгедек-балалардың жеке ерекшеліктеріне қарай, компьютерлік-техникалық кешенмен, бағдарламалармен, сонымен қатар Интернет желісіне қосу қарастырылған. (2011-2020 жылдары Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары).
2011 жылдың басында Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде үйде оқитын мүгедек-балалар, жеке білім алу марштрутынан табысты өту үшін, бағдарламалық- техникалық құралдармен жабдықтауға 4 млрд. 170 млн. теңге қаражат жұмсалды.
Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балаларға арналған қозғалысын қамтамасыз етумен қоса, бүгінгі күні арнайы пернетақталар және манипуляторлар, есту бұзылыстары бар балаларға арналған жеке есту аппараттары, дыбысты қатайтатын микрофоны бар тифлотехникалық құралдар сатып алынуда. Білім алуға мүкіндіктердің бірі ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар принтерлер, Браиль дисплейі, оқитын машиналар және ұлғайту құрылғысы, электронды лупа, сөйлейтін, экранды ұлғайтатын мобильді құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды.
Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға ынталандыру үшін 43% арнайы білім беруді ұйымдары, оның ішінде мультимедиялық оқыту (Eduplay,
19
Multikid, Sound beam) жүйелерімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 пайызында интерактивті тақта орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |