«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



бет41/46
Дата02.12.2023
өлшемі1,81 Mb.
#132447
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Әлеуметтік жетімдікке алып келетін факторларға тоқталсақ, олар төмендегідей:
Медициналық-әлеуметтік мүгедек, асқынған ауыруы бар балалар, немесе гигиена сақталмағандық..
Әлеуметтік демографиялық - толық емес, көп балалы жанұя, кәмелетке толмаған ата-аналар, қартайған ата-аналар, екінші рет үйлену және өгей балалар мен ата-аналар.
Әлеуметтік психологиялық - жанұяда төбелес, жанжал шығаратын ерлі зайыптылар, ата-аналар мен балалар.
Әлеуметтік ауытқушылық ұрып соғу, сотталған адамдар, маскүнемдік, нашақорлық..
Осы факторлардан балада психикалық ауытқушылықтар пайда болады. Бұл жүйенің нәтижесінде ата-анасы жоқ балалардың психикасы мен
физиологиялық жағдайы ата-анасы бар, балалардан ерекшеленіп тұрады деп, И.В.Дубровинаның, З.А.Минкованың, М.К.Бордышевскидің зерттеулерінде

70

анықтаған. Бала алғашқы кезде анасының жылуын, махаббатын, аймалағанын сезгісі келеді. Сәбиді шешесінен айыру күрделі эмоциялық күйзеліске алып келеді. Алты айлығында анасынан айрылған бала анасын іздей бастайды, жылайды, анасының орнын басатын адам іздейді.


Екінші айында балаға біреу жақындаса бала жылап айқайлайды, шыңғырады.
Үшінші айда бала ешкіммен қарым-қатынасқа түскісі келмейді. Егер алты ай анасынан бөлек жүрсе бала ешкімді қаламайды.
Ата-анасыз өскен бала үлкендермен әңгімелескісі келіп тұрады, яғни «қайта жандану комплекісі» пайда болады. Баланың психикалық дамуының түрліше болуына, олардың қабілеттерінің қалыптасуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар үйіндегі баламен ата анасы бар баланың даму ерекшелігі жермен көктей екені анық. Қарым-қатынасқа деген қажеттілік бір айға толар толмас шақта байқалады. Әрине, ондай қарым-қатынас жасайтын анасының жоқтығынан сыртқы ортадан алатын бала әсерінің ауқымы шектеулі болады. Мұндай сенсорлық оқшаулану дамуды кешеуілдетеді. Атап айтқанда, қозғалысының дамуы баяулайды, тілі кеш шығады, кей жағдайларда ақыл ойының дамуы да тежеледі.
Балалар үйінде өскен сәбилердің айырмашылықтары өте үлкен. Мысалы: • ынтасының болмауы;
• сөйлеудің артта қалуы; • сезімдерінің төмендігі;
• үлкенге деген құрметтің жоқтығы; • өзімен-өзі жеке өмір сүргісі келуі;
• ойыншықтарымен жалғыз өзі ойнағысы келуі;
Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «Ата-ана - бала» қатынас жүйесіне түспеуі әсер етеді. Мінезінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты қасиеттер ерте көріне бастайды.
Балалар үйінде - психиаторлық, неврологиялық зерттеулердің нәтижесінде балалардың тез агрессияға түсуі анықталған. Дәл қазіргі уақытта баланы тәрбиелеуде жанұяның болуы өте маңызды. Әлеуметтік қорғау мекемелерінде балалармен жасөспірімдерге тығыз жұмыс жүргізілуде, бірақ әр бір баланың басындағы қиын жағдайды шешу өте күрделі мәселе. Ата-ананың қарауынсыз қалған балалардың жалпы психикалық және әлеуметтік дамуының бұзылуының себебін анықтап, психикалық ауытқуы бар балалармен жұмыс істеу барысында оларды көмекпен сүйемелдеуіміз керек. Сол себепті балалармен жас өспірімдерге қатысты кемшіліктерін жою үшін олармен өзара әңгімелесіп дискуссия, диагностикалық әдістемелер мен тренингтер жүргізу кезінде балалардың бойындағы агрессивтілік, қорқыныш, үрей сезімдері, жүйке жүйесінің шаршауы, жеккөру сезімдері, өзіне деген сенімсіздік қасиеттерін жоюда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысы өте қажет.

71

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында балалар үйінде тәрбиеленушілердің агрессивтілігін, мазасыздығын «Кракодил» проективті тест, «Өмірде жоқ жануар» көңіл-күйді анықтау тесті, Басс-Дарки сауалнамасын түзете-дамыту жұмыстарында пайдалануға болады.


Зерттеулер нәтижесі балалар үйі тәрбиеленушілерінің бойындағы жағымсыз, теріс мінез-құлық бар екендігін көрсетті. Осы жағымсыз мінез-құлықтар мен бойларындағы ұнамсыз сапаларды жойып, оны түзету мақсатында сол балаларға қазіргі таңда психологиялық-коррекциялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

72



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет