«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



бет40/46
Дата02.12.2023
өлшемі1,81 Mb.
#132447
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
1.Әлеуметтік күнкөріс дағдысы.
Аутист бала егерде құрдастарының өзін ренжіткен жағдайда түсінушілік және әлеуметтік проблемаларды шешу дағдысын иелену қажет. Бұл міндет аутист балаға ең күрделі, өйткені проблемалық жағдайларды айыра алмайды және оған адекватты түрде әсер ете алмайды.

2.Ұжымға кірігу және өзіне зейін аудару дағдысы.
Бұл дағды әлеуметтік шеттенуін және құрдастырының қабылдамаушылығын жеңуге ықпал етеді. Бұл мақсаттарға жету үшін аутист баланың ең күшті жағын дамытумен құрдастырымен бірге жалпы қызығушылықтарын анықтауға толыққанды жұмыс қажет және өзін өзі басқару мен бақылау жұмыстарын кіріктіру қажет..

3.Құрдастарымен іс-әрекеттестік дағдысы.
Құрдастары тьютор қолдаушы ретінде болған жағдайда, педагогикалық ұжымның міндеті аутист баланы құрдастырмен істес болуға үйрету – талаптарын орындау, ұсыныстарын ұсыну, сұрақтарына жауап беруге, ойын әрекетіне қатысу т.б.

68

4.Достық қарым-қатынасты дамыту және эмоционалды қолдауды ұсыну дағдысы.


Бұл жағдайда, аутист балаға қосымша терапияның түрлері көмекке келеді, құрдастармен қарым-қатынасы достастық қарым-қатынастың дамуына ауады. Ондай терапияның түрі-қарым-қатынасты дамыту әдісі болады.

АРНАЙЫ МЕКЕМЕДЕГІ БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.

Қазіргі таңда баспасөз беттерінде арнайы балалар үйі мен жабық мекемелер, мектеп интернаттардағы жағдай туралы, ондағы тәртіп пен материалдық, моральдық, психологиялық жағдай жайлы ашық әрі көптеп жазылып жүр. Бірақ балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда. Олардың тұлғалық, психикалық жетілуіне, денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуына жағдай жасау бірінші кезектегі және өзекті мәселелердің біріне айналуда.


Жылына он мың сәби дүниеге келсе олардың тең жартысы балалар үйін мекендеп, жетім атанады. Жанұя жағдайының төмендігі, ішімдікке, нашақорлыққа және кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың күтпеген жағдайда аяғының ауырлауы, қылмыстық іске байланысты іздеуде жүрген әкесі немесе шешесінің жағдайы, ата-ана құқығынан айырылғандар тағы көптеген себептермен қараусыз қалған балалар арнайы мекемелерді еріксіз паналауға тура келеді.
Қиын отбасынан шыққан балаға ата-анасының өзіне соншалықты немқұрайлықпен қарап, сондай дәрежеге келтіргені бала үшін өте ауыр психологиялық соққы, яғни бала күйзеліске ұшырайды, соның салдарынан баланың ата-анасына, өзіне, өмірге деген жеккөру сезімі туындайды. Сол себептермен де олар көше кезіп қайыр сұрау, жасөспірімдер арасында ұрлық зомбылық, жезөкшелік, нашақорлық сияқты түрлі қылмыстық істермен де айналыса бастайды.
Балалар үйінде тәрбиеленетіндер көп жағдайда нашар тұқымқуалаушылық қасиеттеріне ие: ішімдікпен нашақорлық, туылғаннан пайда болатын психикалық және неврологиялық патологиялар. Маскүнем ата-анадан туылған балаларда жүктілікті тоқтату үшін түрлі шараларды қолданған аналардан туылған балаларда психикалық ауытқулар байқалады. Балалар үйінде тәрбиеленетіндерде психопатологиялық белгілер: ақыл ой кемістігі және шизофрения белгілері де кездеседі. Әсіресе мұндай балалар психикалық, физикалық эмоциялық депривацияға ұшырайды.
Депривация - психология мен медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы.

69

Бала толыққанды дамып жетілуі үшін оның ең алдымен ана махаббатына қаныққан, рухани қажеттіліктері қанағаттандырылуы қажет. Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы, жеткіліксіздігі тұлғаның толық қанды дамуына кедергісін тигізеді және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеп соғады. Депривацияның осы түрінің айқын көрінісі балалар үйінде тәрбиеленетіндерде ерекше байқалады. Депривацияның екінші түрі – сенсорлық депривация – заттық ортаның болмауы және сезім мүшелерінің қоздырғыштарының жетіспеуі. Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз.


Р.Спиц жазбаларынан анасынан бөлініп, жабық түрдегі мекемелерге келген сәбилердің бір жасқа дейінгілерінің 70% шетінегенін, ал қалған бөлігінің ақыл ойлары артта қалатындығын көруімізге болады.
Г.Х.Рейнгольд пен Н.Бейли (1959) «көп аналардың» балаға тигізер психологиялық әсерін сипаттайды. Олар өз экспериментінде екі топтағы балаларды қарастырады: бірінші топта алты айлық баланы сегізінші айының соңына дейін бір ғана тәрбиеші күткен, ал екінші топтағы балаға төрт тәрбиеші қамқор болған. Үш ай мерзімде жүргізілген эксперимент нәтижесі бірінші топтағы баланың екінші топтағы балаларға қарағанда әлеуметтік реактивтілігінің жоғарлылығын көрсетті, ал бір жылдан соң бұл эксперимент алдыңғы нәтижені қайталамады. Зерттеушілер балаға бір немесе бірнеше тәрбиешінің қамқорлығында болуы оның дамуына ерекше әсер етпейтіндігі туралы қорытындыға келді.
У.Деннис пен П.Наджарьян Ливанда жүз жетімді зерттей отырып, балалар үйінде тәрбиеленушілердің өмірінің бірінші жылының аяғында-ақ жанұяларда тәрбиеленуші өз қатарластарынан психикалық дамуы жағынан кейін қалатындығын анықтады. Зерттеушілер бұндай ерекшеліктердің себебін ана мен бала қарым-қатынасының кемшілігінен деп тапқан.
Ата-ананың қарауынсыз қалған балалар үлкен топты құрайды: бұлар мүлдем ата-аналары жоқ, әлеуметтік жетім балалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет