«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



бет42/46
Дата02.12.2023
өлшемі1,81 Mb.
#132447
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

Инклюзивті білім беру пәні бойынша глоссарий.



Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай, қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы, тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас).
Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) – құн дылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.
Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы,оны жақтырмауы.
Әлеуметтік фрустрация- адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдау-шылығы, мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі, жеке тұлғаның өзін дәрменсіз, ешкімге қажетсіз сезінуі, балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы, уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас - мимика, ым-ишара, пантомима (дене қозғалысы, қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім. Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы, ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға, тек жағымды, жақсы істерге бағыттайды.
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы.
Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым-қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет