Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет.
* Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.
*Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою.
* Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандус-тар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс шаралар кешенін бастау қажет.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастырады:
-2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады;
-Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді;
7
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді
Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады.
Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.
2015 жылға дейінгі инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепке дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды.
Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып,жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.
ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму екенін ұғынамыз. Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр.
Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде
қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.
Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қарсы қоймай, қайта жақындатады.
Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру кезінде кері салдар туындау мүмкіндігін азайту үшін инклюзивті білім беруге қажетті арнаулы жағдайлар тізбесін нақты белгілеп алу шарт. Бұл тізбе оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу мазмұны мен әдістемесін, балалардың үлгерімін бағалауды және т. б. қамтуы тиіс.
Инклюзивті оқыту ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беру ұйымдарындағы оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқытудың негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жою, барлық
8
адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсаты жатыр.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз-барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
9
Достарыңызбен бөлісу: |