2 тапсырмалар тоПТАМАСЫ. континентТІҢ АУДАНЫ
АНТАРКТИДА
Оңтүстік полюс
Мензис тауы
километрлер 200 400 600 800 1000
Төменде Антарктиданың картасы кескінделген
4 сұрақ : КОНТИНЕНТТІҢ АУДАНЫ
Берілген картаның масштабын қолдана отырып, Антарктиданың ауданын жуық шамамен анықтаңдар.
Континенттің ауданын қалай бағалағандығыңды түсіндір, және есептеулеріңді жаз.
(Есептің шешімін табу үшін көрсетілген картаны қолдануға болады , Мысалы , сізге керекті сызбаларды және салуларды жүргізуге болады)
Тапсырманың орындалуын бағалауы
Әрекет:құзіреттіліктің екінші деңгейі (тапсырманы шешу үшін байланыс орнату және ақпаратты интеграциялау)
Мазмұны: кеңістік және пішін
Жағдай: өзіндік
[Төменде көрсетілген бағалар дұрыс шешу тәсіліне және дұрыс жауапқа негізделген.Кодтың екінші цифры шешімнің түрлі тәсілдерін айқындайды.]
Код 2(1): Бағалау берілген континентке сырттай сызылған квадрат және тіктөртбұрыштың кескінінің көмегімен жасалынған .Ауданның мәні шамамен 12 12.000.000 кв.км ден 18.000.000 кв.км.ге дейін көрсетілген (бірлік шаманы көрсету міндетті емес).
Код 2(2): Бағалау берілген континентке сырттай сызылған дөңгелектің кескіні арқылы жасалынған. Ауданның мәні шамамен 12 12.000.000 кв.км ден 18.000.000 кв.км.ге дейін көрсетілген.
Код 2(3): Бағалау берілген континетті бірнеше стандартты геометриялық фигураларға бөліп және солардың аудандарының қосындысы арқылы жасалынған. Ауданның мәні шамамен 12 12.000.000 кв.км ден 18.000.000 кв.км.ге дейін көрсетілген.
Код 2(4): Бағалау (12.000.000 кв.км және 18.000.000 кв.км аралығында) басқа дұрыс тәсілдер арқылы жасалынған.
Жауап:
Континенттің айналасына үлкен тік төртбұрыш кескінделген және оның ауданынан континент жатпайтын аумақтардың аудандарын шегерген.
[Бұл кодтар дұрыс тәсіл қолданған,бірақ қате немесе толық емес жауаптарға арналған. Кодтың екінші цифры шешудің түрлі тәсілдерін көрсетеді.]
Код 1(1): Бағалау берілген континентке сырттай сызылған бір квадраттың немесе тіктөртбұрыштың кескінінің көмегімен жасалынған. Дұрыс тәсіл қолданылған,бірақ қате немесе толық емес жауап берілген.
Жауаптардың мысалы:
Тіктөртбұрыш кескінделген және оның ұзындығы мен ені көбейтілген,бірақ жоғарыда көрсетілген мүмкін болатын мәндерге (мысалы 18 200 000 ) тиісті емес жауап көрсетілген.
Тіктөртбұрыш кескінделген және оның ұзындығы мен ені көбейтілген,бірақ жауабында нөлдер саны дұрыс емес. (Мысалы, 4000 х 3500 = 140.000).
Тіктөртбұрыш кескінделген және оның ұзындығы мен ені көбейтілген,бірақ берілген жауапта оқушы сантиметрді квадрат километрге айналдыру үшін масштабты қолдануды ұмытқан. (Мысалы, 12 см х 15 см = 180).
Тіктөртбұрыш кескінделген және оның ауданы 4000 км х 3500 кмге тең екендігі көрсетілген.Бірақ әрі қарай шешімі көрсетілмеген.
Код 1(2): Бағалау бір шеңбердің кескіні арқылы жасалынған.Қолданылған тәсіл дұрыс бірақ дұрыс емес немесе толық емес жауап берілген.
Код 1(3): Бағалау бірнеше стандартты геометриялық фигуралардың аудандарының қосындысы арқылы жасалынған. Қолданылған тәсіл дұрыс бірақ дұрыс емес немесе толық емес жауап берілген.
Код 1(4): Бағалау басқа дұрыс тәсілдер арқылы жасалынған,бірақ дұрыс емес немесе толық емес жауап берілген.
Жауаптардың мысалдары:
Континенттің айналасына үлкен тік төртбұрыш кескінделген және оның ауданынан континент жатпайтын аумақтардың аудандарын шегерген.
Код 0(1): Ауданның орнына периметр есептелінген.
Жауаптардың мысалдары:
"16.000 км, масштабы 1000 кмге тең болғандықтан, картаны 16 рет айналуы қажет".
Код 0(2): Басқа дұрыс емес жауап.
Жауаптардың мысалдары:
"16.000 км (ауданды есептеу тәсілі көрсетілмеген,және жауаптың өзі қате)".
Достарыңызбен бөлісу: |