Өрмекшітәрізділердің ішкі құрылысы Қабылдаған: Байтұрсынов қожақмет



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі2,44 Mb.
#117447
1   2   3
Байланысты:
өрмек слайд

Зәр шығару жүйесіне Мальпиги түтікшелері және коксальды бездері жатады. Мальпиги түтікшелері энтодермальды ортаңғы ішектен пайда болып, ортаңғы мен артқы ішектің шекарасында орналасып, бір жағы тұйықталып екінші жағымен ас қорыту жолына ашылады. Олар жалпақ эпителий қабатымен астарланған, клеткала- рында және түтікше қуысында көптеген гуанин дәндері болады. Гуанин өрмекшітәрізділердің зәр шығаруының негізгі өнімі, сыртқа сұйық түрінде емес, құрғақ кристалл түрінде шығарылады. Бұл құрлықта тіршілік етуіне байланысты ішкі ылғалды үнемдеуге бағыт- талған. Мальпиги түтікшелері тек ересек түрлерінде болады.Коксальды бездер мезодерма клеткаларынан пайда болады, олар өрмекшітәрізділердің ұрығында және жас кезінде жетіліп, ересек түрлерінде біршама жоғалады. Коксальды бездер баскеуденің 2-ші сегментінде орналасқан, түрі жұп
қапшық тәрізді.
Нерв жүйесінің құрылысы буылтық құрттардікіне ұқсас, бірақ құрсақ нерв тізбегіндегі ганглиялары бірігіп шоғырланып орналасуға бағытталған.Миы екі бөлімді: алдыңғы - протоцеребрум (көздерін нерв- тендіретін) және тритоцеребрум (хелицераларды).Басқа буынаяқтыларға тән (шаянтәрізділер, көпаяқтылар, насе- комдар класы) мидың аралық бөлімі - дейтоцеребрум барлық хели- цералыларда жойылған, себебі оларда антенналары жоқ.Құрсақ нерв ганглияларының
тізбегі құршаяндарда
сақталған.
Өрмекшітәрізділердің көпшілігінде аталыктары сперматофораны аналық жыныс тесігіне хелицералардың көмегімен енгізеді. Кейбір түрлерінде шағылысу мүшелері болады да, сперма- тофоралары жойылады. Кейде копуляцияның жүруіне жыныс мүшелерінің құрамына кірмейтін дене бөліктері де катысады. Мыса-лы, аталык өрмекшілердің түрі өзгерген педипальпалары шағылысмүшесінің қызметін аткарады.Өрмекшілердің көбі жұмыртқа салады, ал құршаяндарда, жалған кұршаяндарда және кенелердің кейбір түрлерінде тірі туу байқалады. Жұмыртқалары ірі, сарыуызға бай, сондықтан бөлінуі жарым-жарты- лай беткейлік жүреді. Кейіннен құрсақ жағынан көп қабатты тақта тәрізді ұрык жолағы түзіледі. Оның жоғарғы беткі қабаты эктодер- мадан дамыған, одан төмен, яғни тереңірек жатқан кабат мезодермадан, ал одан ен терең қабат (сарыуызға батып жатады) энтодермадан дамыған. Ұрықтың қалған бөлігі тек эктодермамен қапталған. Ұрықтың денесі ұрық жолағынан дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет