Өрмекшітәрізділердің ішкі құрылысы Қабылдаған: Байтұрсынов қожақмет



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі2,44 Mb.
#117447
1   2   3
Байланысты:
өрмек слайд

Өрмекшітәрізділердің дамуы


Даму сатыларында ұрық денесіндегі сегменттердің саны ересек жануарларға қарағанда көбірек. Мысалы, өрмекшілердің ұрығындағы курсак сегменттерінің саны 12, онын алдыңғы 4-5 сегментінде ұрыктын аяктары болады. Одан әрі даму кезінде курсак сегменттері бірігеді де тұтас құрсақ құралады. Құршаяндар құрсағының алдыңғы сегменттерінде аяктары пайда болып, олардың алдыңғы жұбы жыныс қақпақшаларын түзейді, екіншісі ескекті мүшелерді, қалған аяктарынын дамуы өкпенің түзілуімен байланысты. Мұның барлығы Arachnida класы өкілдерінің жақсы бунақталғандығын және тек баскеудеде гана емес, сонымен қатар құрсағында да дамыған сег- менттері және аяқтары бар арғы тектерден шыққандығын көрсетеді. Өрмекшітәрізділердің дамуы тура, тек кенелерде метаморфоз немесе түр өзгеріс байқалады.

Классификациясы.


Өрмекшітәрізділер класы көптеген отряд- тарға бөлінеді, солардың ішінен кең тараған және манызды отрядта- рын карастырамыз: құршаяндар Scorpiones, жалған кұршаяндар Pseudoscorpiones, қылаяқтылар Pedipalpi, пішеншілер Opiliones, түкті бүйі немесе сольпугалар Solifugae, өрмекшілер Aranei, кенелер Acari

ҚОРЫТЫНДЫ


Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері баскеуде және құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде (Асагі) баскеуде мен құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары орналасқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 жұбы ауыздың артқы жағында орналасқан. Аяқтарының алғашқы жұбы хелицералары (сһеіісегае) қысқарған екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу
қызметін атқарады бұлар педипальпалар (pedipalpi), ал қалған 4 жұбы жүргіш аяқтары

Қайталауға арналған сұрақтар


1.Өрмекші тәрізділердің тыныс алу мүшесі?(өкпе немесе трахея)
2.Өрмекші тәрізділердің қанша түрі бар?(6000 –нан астам)
3.Тоқу апараты неден құралады?(сыртқы өрмек сүйелдерінен және ішкі өрмек бездерінен )
4.Өрмекшітәрізділердің денесі қандай бөлімдерден тұрады?(бас көкірек пенқұрсақтан тұрады)
5.Өрмекшітәрізділерді зерттейтін ғылым саласы?(арахнология)

Пайдаланылған әдебиеттер


К.Дәуітбаева’’Омыртқасыздар зоологиясы’’1кітап
Арану баспасы
Арахниды,им Паукообразные Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона 1991
Паукообразные ,К.ТМихайлов
https://youtu.be/ftCbm_zV61A
НАЗАРЛРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет