Өндірістік бөлмелердің ауасын алмастыру және ауаны салқындату.
Өндірістік бөлмелер мен жұмыс орындарының ауасын алмастыру үшін желдеткіштер пайдаланылады.Желдеткіштер іштегі ластанған жылы ауаны сыртқа шығарып, оның орнына таза ауа келтіру қызметін атқарады. Ауаны алмастыру әдістеріне қарай олар жалпы ауаны алмастыру және жергілікті ауаны алмастыру болып бөлінеді.
Жалпы ауаны алмастыру әдісі бойынша бір уақытта бүкіл бөлмедегі барлық ауа алмастырылады. Ал жергілікті ауа алмастыру әдісі бойынша денсаулыққа зиянды факторлардың жиналған жерлерінің ауасы алмастырылады. Ауа алмастыру үдерісі бөлмедегі ауаны сыртқа соратын немесе сырттағы ауаны ішке қарай айдайтын әдістермен жүргізілуі мүмкін.
Сыртқа сору әдісі бөлмедегі лас ауаны шығаруға, ал ішке айдау әдісі сыртқа шығарылған лас ауаның орнын таза ауамен толықтыруға қолданылады.
Тәжірибеде табиғи ауа алмастыру әдісі кең қолданылады. Ол ауа сорғыш құбырлармен атқарылады. Ірі ғимараттарды табиғи ауа алмастырудың аэроциялық әдісі қолданылады. Аэрация үдерісі желдің арынымен немесе ішкі және сыртқы ауаның температурасының әр түрлі болуына байланысты ауаның тығыздығының айырмашылығының әсерімен жүреді. Егер табиғи ауа алмастыру бөлмедегі ауаны толық тазартуға жеткіліксіз болса, онда желдеткіштердің арынымен механикалық ауа алмастыруды қосымша жабдықтайды. Жұмыс істеу принциптеріне қарай желдеткіштер осьтік, ортадан тепкіш және диаметральді болып бөлінеді. Желдеткіштерді олардың жұмыс өнімділігіне және пайда ететін қысымына қарай таңдайды.
Ауа райы ыстық жұмыс орындарында, тракторлардың кабиналарында кондиционер орнату арқылы ауаның қажетті параметрлерін ұстап тұруға болады.
№21 дәріс
Табиғи және жасанды жарықты, ылғалды ауаның қозғалысын өлшеу.
Жұмыс орнының жарықтылығын анықтау.
1.Табиғи және жарықтылық бөлмеге қойылатын терезенің өлшемі мен санына байланысты болады.Терезенің жалпы ауданы төмендегідей формуламен анықталады:
Fт= Fб K
мұндағы, Fб - бөлменің ауданы, м2 ; К-табиғи жарықтылық коэффициенті. 11-кесетдегі көрсеткіштерді пайдалынамыз. Терезенің саны осы формуладан шыққан жалпы ауданы бір терезенің ауданына бөлу арқылы анықталады. Бір терезенің ауданы құрылыс жобаларының нормаларында беріледі.
2.Жасанды жарықтылықты есептеу дегеніміз электр шамдарының саны мен қуатын анықтау болып табылады. Ол үшін бөлмеге қажетті жарықтың мөлшерін анықтауымыз қажет. Fж = α * Fб * Ж/ ηк * ηп
Мұндағы, α – қор коэффициенті; Fб – бөлменің ауданы, м2; Ж-жасанды жарықтың номасы, лк; (1-кесте) ηк – жарық көзінің пайдалы әсер коэффициенті, ηп - жарықтылықты пайдалану коэффициенті.
ηк * ηп = 0.45
Осыдан соң қажетті шамдардың санын анықтауға болады:
ηк = Fж / Fл
мұндағы, Fж - қажетті жалпы жарық, лм; Fл – бір шамның жарығы, лм (2-кесте)
Мысалы: Бөлшектердің ақауларын анықтау бөлімі үшін енсептейік (ұзындығы 6м, ені 4м).
а) Табиғи жарық :
Fт = Fб * К =24*1,0=24м2
nт= Fт/ F1 =24/2.84= 8 терезе
ә) Жасанды жарық : Fж = α * Fб Ж/ ηк * ηп = 1.3*24*150/0.45=10400 лм; nл= Fж/ Fл = 10400/1710=6 дана шам қажет.
2) Жұмыс орнының микроклиматын анықтау
Жұмыстың барысы
Бөлменің жылылығы-20 ккал/м3-ге дейін;
Жұмыстың санаты-жеңіл жұмыс;
Жыл мезгілі- күз айы/ сырттағы ауаның температурасы +150 с.
Бөлменің микроклиматының нормасы:
Үйлесімді мөлшері
|
Температурасы-20-220 с
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы -60-30%
Ауаның қозғалу жылдамдығы -0,2 м/ сек.-тан төмен
Температурасы -17-220 с
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы -75%-ға дейін
|
Шеткі
мөлшері
|
Ауаның қозғалу жылдамдығы -0,3м / сек.-қа дейін
Сырттағы ауаның температурасы- 15-220 с
|
Бөлменің нақты температурасы (сынапты термометрмен өлшегенде)- 200 с.
Ауаның ылғалдылығын психрометрмен өлшейді.Ауаның абсолютті ылғалдылығы:
qф = f -0.5 (tc-tв) * В/105
мұндағы, f – ауадағы будың мөлшері (г/кг). Ол 8-кестеден алынады. Ауаның 200 с температурасында f =14,4 г/кг. tc - құрғақ термометрдің көрсетуі (180); tв –ылғал термометрдің көрсетуі(160); В-атмосфералық қысым (760 мм. сын. Бағ.), Па Сонда:
qф = 14,4-0,5(18-16) 760/105 =14,4-0,5* 2*0,0076=14.3924 г/кг. Көрсеткіштер 8- кестеде берілген. 9- кестеден салыстырмалы ылғалдылықты табамыз.Ол 80 пайыз.
Ауаның қозғалу жылдамдығы: υ= ( ʄ/36,5-t0 –К1/К2); мұндағы, t0 –ауаның температурасы (200) ʄ- кататермометрдің желдеткішінің ауаны суыту күші. ʄ = F/τ, F –аспаптың құжатында көрсетілген тұрақты факторы (F= 24); τ= кататермометрдің температурасы 380 –тан 350 –қа дейін түскенше секундомермен өлшенген уақыт (40 сек); Сонда ʄ=240/40=6; К1=0.2 (немесе 0.13); К2 =0.4(немесе 0,42);
№22 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |