Автокөлік кәсіпорнындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.
Адам еңбек ету кезінде түрлі еңбек құралдарымен, машиналармен, сондай-ақ басқа адамдармен қатынаста болады. Сондай-ақ жұмыс кезінде адамға ауаның температурасы, ылғалдылығы, шу, діріл, жарық, т.б. түрлі өндірістік жағдайлар да әсер етеді. Осының барлығы белгілі бір өндірістік жағдайды қалыптастырады және адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеті, жұмысының өнімділігі осы жағдайларға байланысты болады.Егер осы жағдайлар нашар ұйымдастырылған болса, ол еңбеккердңғ жарақаттануы мен науқастануына басты себеп болады.
Еңбек жағдайы дегеніміз-еңбек ету кезінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы.Өндірістік фаторлар үш топқа бөлінеді:
Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
нормативтік-құқықтық факторлар, яғни еңбек туралы заңдар, ережелер, нормалар, стандарттар және олардың орындалуын бақылаудың тәжірибелері;
әлеуметтік –психологиялық факторлар, яғни жұмысшының еңбекке ынтасы, ұжым мүшелерінің өзара қатынасы, ұжымда қалыптасқан жағдай;
қоғамдық- саяси факторлар, яғни еңбек жағдайын жақсарту жолындағы қозғалыстар, жаңашылдық;
экономикалық факторлар, яғни түрлі жеңлілдіктер мен өтемақылар, моральдық және материалдық ынталандырулар;
Техникалық және ұйымдастыру факторлары, яғни еңбек жағдайының материалдық-заттай элементтерін қалыптастыруға тікелей әсер ететін факторлар.Оған жататындар:еңбек құралдары, өндірісті ұйымдастыру шаралары, еңбек демалыстың режимі;
Табиғи факторлар, яғни еңбек ететін жердңғ ауа райының, жер қыртысы мен суларының, өсімдіктерінің, тағы басқа ерекшеліктерінің жұмысшыға әсерін білдіретін факторлар.
Егер жоғарыда айтылған факторлар еңбекшінің науқастануына немесе жұмысқа қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқса, онда ол факторлар зиянды өндірістік факторлар болып есептеледі.
Аса қауіпті (апаттық) жағдай деп өндірісте жазатайым оқиғаны тудыратын төтенше жағдайды айтады. Еңбекшінің жарақаттануына әкеліп соқтыратын жағдайлар жұмысшының өзінің немесе жанындағы адамның қимылының дұрыс болмауынан, машиналар мен басқа да техникалардың істен шығуынан немесе еңбекті ұйымдастыру тәртібінің бұзылуынан болады. Өндірістің жоғары мәдениеті орныққан жұмыс орындарында, өндірістік және технологиялық тәртіп жоғары ұйымдастырылған орындарды, техниканы пайдалану ережелері бұлжытпай орындалатын жерлерде жарақаттану сирек кездеседі, кездескен жағдайда жұмысшының өз кінәсінен болады.
Еңбектің қауіпті және зиянды жағдайларын тудыратын факторлардың өзі төрт топқа бөлінеді:
Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар: қозғалыстағы машиналар мен механизмдер, станоктар мен стендтер, жұмыс орнының шаңдануы мен газдануы, температуралық режим, шу, діріл, қысым, ылғалдылық, жарық.
Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.оған жататындар: денені уландырғыш, қоздырғыш , түршіктіргіш, жүрек айнытатын заттар, ойлау , ескеру мүшелерінің қызметіне әсер ететін факторлар.
Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар: бактериялар , вирустар, денедегі микроағзаны қоздыратын
факторлар, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың денсаулыққа, жүйке жүйесіне әсері.
Психикалық-физиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.Оған жататындар: жүйкеге шамадан тыс күш түсіретін, ойлау мүшелерін зорықтыратын факторлар мен еңбектің бірқалыптылығы, қызбалық, еңбекшінің тез әсерленушілік қасиеті.
№6 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |